Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5846 0 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 23:00

Алматыда "үй мәселесімен" қайтыс болғандарды еске алғызбады

]

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар соттың алдында "үй мәселесімен банктің қысымына шыдамай" түрлі жағдайда қайтыс болып кеткен жеті адамды еске алмақ болған. Жиналғандар қайтыс болған жеті адамның суреттерін соттың алдына қойып, оларды еске алып құран оқи бастаған. Сол сәтте оларға қалалық ішкі саясат басқармасы мен прокуратураның өкілдері келіп, ол жердің құран оқитын жер емесін айтып, шараны тоқтатуды сұрады. Жиналғандар өздерінің ешқандай акция, жиын өткізіп жатпағанын, тек марқұмдарды еске алу үшін жиналғанын айтқан. Бірақ билік өкілдері еске алу шарасын тоқтатуды талап еткен соң үлескерлер құран бағыштауды тоқтатып, таратпаққа алып келген жеті нандарын сол күйі үлестіре алмады.

Өзін банктен ипотека арқылы үй алдым деген Арзыгүл Теллаева бүгін сағат 10-да ипотекаға үй алған Ибрагимов деген тұрғынның соты болатынын, соған қолдау білдіруге жиналғандарын айтты. Оның сөзінше, банктерден ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай жүргендер Қазақстан Ұлттық банкіне көмек сұрап хат жазған. Бірақ Ұлттық банк оларға "екінші деңгейлі банктердің ісіне араласа алмайтынын" айтып жауап берген.

Азаттық радиосы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532