Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әдебиет 6443 1 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 14:36

Дидар Амантай. Тұнық сәуле (жалғасы)

3. МЕМЛЕКЕТ

(Басы: http://abai.kz/post/48199 )

Иә, рас, мемлекеттік бұйрықтар, жарлықтар, қаулы-қарарлар дүниежүзінде қалыптасқан дәстүр, қабылданған заң бойынша барлық өлкелерге астаналардан пәрмен етіледі.

Егемендіктің белгісі.

Ел үшін құрылған мемлекеттік биліктің те­ геурінін, айбынын, айбарын білдіреді.

Заң, заңның мүлтіксіз орындалуы – мемле­ кеттің есейгенін, өскенін көрсетеді.

Кез келген мемлекеттің мұраты – елге қыз­ мет. Халықтың мақсатына құрылып, халықтың қамын ойлауы тиіс.

Мемлекет – одақтасқан халықтың жүзеге асқан саяси ойы. Саяси ойдың өмір сүру жолы. Саяси ой, өз кезегінде, қол жеткен мұраттың көрінісі.

Анықтама көп. Бірақ, тәуеулсіздіктің қаді­ ріне жеткен елдің ғана мемлекеті баянды бо­ лады.

Баянды ойдың арқасүйері – төлтума билік. Яғни, елді билеген саяси басшының қамқоры да, жанашыры да – халық. Халық – саяси же­ текші­ тұлғаның басты серігі.

Басшының өмірі – халықтың өмірі. Отаным деп от кешкен оғланын ардақтаған

елдің – Отаны да сыйлы.

Тарихында басшысын сыйлап көрмеген халықтың билігі де, егемендігі де тұрақсыз. Билігі жиі ауысқан өкіметтің кейпінен баянсыз мемлекеттің белгісін көруге болады.

Айнымалы өкіметте тұрақты даму жоқ. Бе­реке­ – саяси ойдың, айтқан сөздің, жасаған еңбектің тұтастығы мен бірлігінде.

Береке – қол созған мұраттың тұрақтылы­ғында.

Береке – бірін-бірі ардақтаған билік пен ха­лықтың мызғымас одағында.

Қоғамдық ынтымақ – бірліктің патшасы. Берекенің басы. Ол шаруаның жолын ашады, жұмыстың ретін келтіреді. Іс-әрекет еркіндігі ортақ тәртіптен туындайды. Ортақ тәртіп еркіндік беріп, жауапкершілік жүктейді. Қалау хұқында – ерік те, жүктелген міндет те жатыр.

Абсолюттік еркіндік – идеалдық үлгі, таза еркіндік, бірақ қоғамда өмір сүрген адам бас­қаның еркіндігіне орын беру үшін жеке еркін­дігін шектейтін ортақ келісімшартқа өз еркімен қол қояды.

Әлеуметтік    заңдар    әлеуметтің    жағдайын жақсартып­, елді әлеуметтік мемлекет дәреже­­сі­ не көтереді. Ежелден келе жатқан таным бүгін низамға айналды­.

Адамзаттың алғашқы ұстаздары мемлекетті ортақ борышты өтеу мақсатында құрылған бір­ ік деп түсінді. Базбір данышпандар, өз алдына, оны игілікті бірлесіп тұтыну үшін жасасқан одақ шартына теңеді.

Кейінгі ойшылдар, мемлекет дегеніміз бәрі­не ортақ мұрат, халықтық игілік, бірақ халық дегеніміз кездейсоқ топтасқан қалың жиын емес, ол құқықтарын жүзеге асыру мақсатында, келісім мен мүдделердің сәйкестігі біріктірген ұйым деп анықтама берді.

Мемлекет бізге арабтан енген сөз. Иелену, меншіктену деген ұғымды білдіреді. Ұғымның алғашқы даму тарихы, негізінен, үш сатыдан тұрады: полис – мемлекет – импе­рия. Содан кейін, ұзақ жолдан өткен бүгінгі мемлекет түсінігі қалыптаса бастады.

Алайда, жиырмасыншы ғасырдың соңында негізі қаланған Қазақстан Республикасы – сақарада бұрын-соңды құрылмаған мемлекет.

Ой-сана, ақыл-ой жеткен бүгінгі мемлекеттің мәні – иелігіндегі жерде халықтың ұйысуына, ұйысқан халықтың өсіп-өніп, өркендеуіне жол ашқан, қоғамның табиғатына сай құрылған, бір мақсатқа қол созып, бір мұрат жолында ұжымдасқан, ортақ мәселені шешіп, шешімді атқаруға қажетті басқарымның – жоғары дәре­желі жүйесі мен саяси билік құрылымы.

Біз – біртұтас елміз. Унитарлық құрылым (лат. unitas – біртұтас) дегеніміз саяси билік бір орталыққа бағынатын, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін жүйе. Территориясы, конституциясы бір. Мемлекеттік билік салалары жүйесі ортақ. Азаматтығы тең. Италия, Францияны мысалға келтіруге болады. Сосын, Қазақстан. Ұлы дала елі. Унитарлық мемлекет. Ал, федерациялық құрылыс (лат. Federatio – одақ) – саяси дербес белгілі бір мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.

Федерациялық орталық пен оның құрамы­­на кіретін субъектілер арасындағы айырмашы­­лықтар жалпы мемлекеттік Атазаң аясында реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билігі – заң шығарушы, атқарушы, сот органдары – болады. Мұндай топқа АҚШ, Алмания, Малайзия тәрізді мемлекеттер енеді. Ұлы дала елі – федерация емес, унитарлық ел.

Себебі, ұлтымыздың құты – бірлік, тұтастық. Ұлы Дала Елі, дедік. Бесігіміз – Алтай.

Біз көк түріктердің асыл сақарасын, алтын бесігін сақтап қалдық. Талай ғасыр кең далаға ие болдық. Мұрагер атандық. Енді, міне, мемлекет құрып отырмыз.

Кешегі ер түріктің қайраты, өр рухтың жалғасы. Қазақтың мемлекет құрудағы түйіні.

Шын, ел басына қиын-қыстау күн туған аума­лы-төкпелі жаугершілік жылдары, Қазақ Орда­сын басқарған, ұлы мұрат жолында жан алып, жан беріскен, арпалысқан, жанталасқан алаш­тың алып хандары кейде ұзақ, кейде қамшы сабындай қысқа аласапыран ғұмырында бір сәт тыныш тапқан жоқ, бейбіт өмірдің мамыражай қоңыр төбел тіршілігін қызықтай алған жоқ, олар жер үшін күресті, көбісі қазақ үшін жорық­ та, қан майданда қаза болды.

Алыптар Хандық дәуірде мекенімізді Отанға айналдырды. Біз Отанымызға шекарасы толық айқындалған мемлекеттік сипат беріп, қастерлі тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Мемлекетшіл сана қалыптастырдық. Бірақ, көптеген тарихи мысал, көрнекті жайттар мем­лекет құруда, тәуелсіздікті сақтап, егемендік­­ті нығайтуда – жетекші тұлғаның, жауапты сәттерде шұғыл шешім қабылдай алатын көш­ басшының рөлі өте зор екенін алдымызға көл­денең тартады.

Кейде, осы бір мақалдың бірінші бөлігі ұй­қас үшін айтыла салынғандай көрінеді.

Қараңыз, әділіне жүгінсек, сөздің қадіріне жеткен, тілдің құдіретін таныған, керегелі әулет перзенті сөз ұстаса, тізгін ұстағандай көрген, киіз туырлықты қазақтың кейбір уақ тентек сөйлеп, теріс мақал шығарып қоятыны да бар. Абай да айтқан, ұлт та мойындаған. Мысалы, "атың шықпаса, жер өрте", деп бұра тартады­. Енді бірде, алаш баласы, біз қозғап отырған мақалда, "сөйлей-сөйлей шешен бола­сың, көре-көре көсем боласың", дейді. Бірақ, көп сөйлеген адамның шешен болғанын көрген жоқпыз. Қазақтың өзі көп сөйлеген адамды, керісінше, сөзі көп екен дейді. Сондықтан, ше­шендік қасиет топырақтан даритын болса ке­рек. Немесе, көп оқығаннан келеді.

Көсемдік те – жаратылыстан. Елді жетегіне алған, көшті өзі бастаған көсем ақыл-парасаты болмаса, көпке қалай жөн сілтейді, жұртқа қайтіп жол нұсқайды.

Әрине, ізденіс, бейнетқорлық, кітапқа деген сүйіспеншілік сол көсемдіктің алғышарты екендігі анық, десек те, сана бермесе, ештеңе өнбейді, дейтініміз тағы бар. Шынында, жетесізден не сұрайсың. Санасызға қандай міндет жүктейсің.

Алайда, шынтуайтын айтсақ, сана барлық пенде атаулыда бар, соны ояту керек. Ерте оятқан дұрыс. Кітап таныған жас – көгілдір экраннан көз алмағаннан – түбі, бәрібір, озады. Көргендерді оқығандар басқарады. Сананы сөз билейді. Жаратылыстың бастауынан Тәңірден­ басқаның бәрін көрген кейбір данышпандар, сана материяға тәуелді деп, қадап айтса да, ойлаудың өзі – түсінік сөздердің сапырылы­­ сынан тұрады, ой – сөзден жаралады.

Кейбір сәт көп ойлағаннан ой тумайтыны сияқты­, көп сөйлегеннен де сөз тумайды. Қазақ көп сөздің не екенін біледі. Аз сөздің қасиетін ерте түсінген жұрт.

Ойы көп шешеннің тауып айтқан сөзі ұзақ ойландырады, ал ұзақ айтқан кемеңгер пайымы әңгіме кезінде түйдек-түйдегімен көкірекке тоқылып отырады.

Жақсы шешенде жеңіл сөз болмайды, аузы­ нан түскеннің бәрі – жарқыраған жақұт, жалтылдаған алтын. Інжу-маржандай төгіледі, алтын-күмістей құйылады.

Әр сөз – атылған оқтай еркін, асқақ, айтқан адамнан дербес. Десек те, айтқан соң, орындалуы керек.

Сөздің қиыны – түйінде. Түйіннің қиыны – жүзеге асуында.

Шешен сөйлегеніне қарай – құтылады, көсем ойлағанына орай – құтқарады. Яғни, шешен ойын жеткізген сөзіне ғана жауапты­, көсем халқына берген серттің орындалуына да, шыққан нәтижесіне де жауап­ты­. Сондықтан – қорытынды.

Шешендік – сөзге жауапкершілік болса, кө­ семдік – елге жауапкершілік.

Түйенің қомында, аттың жалында өткен ғұмырдың­ адамға, қала берді, адамзатқа несі қымбат? Елдің атқамінері қайткен күнде халық­қа жағады? Кімді не қызықтырады?

Айтарың жоқ па, әдебиетке келме, – дегендей, тағдыр-талайын елдің бейнетіне арнауға қай­ратсыз адам қоғамның күрделі мәселелерін шешетін қызметке талпынғаны қаншалықты жөн, ертең бір қауым жұртты орға жығып, оба­лына қалмай ма, бұл да ойландыратын, тол­ғандыратын мәселе. Аяғы үзеңгіде, қолы тіз­гінде жүргені ғана қызықтыратын жас талап кез келген уақыт тапсырылған шұғыл шаруаны, жүктелген маңызды міндетті мұқият орындай алмаса, басшысына сенген қалың әлеуметтің жағдайы не болады?

Көсем тұлға дегеніміз көш бастаған қай­раткер­ азамат, сонымен қатар, жолдан адаспайтын, жұртты адастырмайтын көш­ басшы, тіпті, адасуға, шатасуға қақысы жоқ жетекші. Істің бастаушысы, халықтың тірегі, ұлттың сүйеніші, мүдденің қамқоры, мұраттың қорғаны.

Міндетінің үлкені жауапкершілік. Ел алдын­ дағы, елдің атынан жасалатын, елдің мұрат-мүддесін арқалаған, жүктеген міндетін мүлтіксіз атқаратын               жауапкершілік.               Сүрінуге,  күрсінуге болмайтын жауапкершілік. Үнемі белсенді ойшылдықты, бейнет-қорлықты, өрелі парасатты, өнерлі іскерлікті, шұғыл шешім қабылдап, жылдам жарлық шашуға қашанда дайын қайрат пен жігерді, тосын жағдайды тез шеше алатын ұшқырлықты, алуан түрлі қабілеттілікті, ел үшін, жер үшін басын ажалға тігіп, жанын құрбандыққа шалатын Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, тәуекелге бара алатын батырлықты, ең бастысы өзін де, жұртты да адаспай мұратына жеткізетін, анық жолды таба алатын парасатты, ақыл-ойды талап ететін, негізінен, қателік жасаса, кешірімі жоқ жауапкершілік.

Мұндай талап, әдетте, елдің данышпаны, жұрттың данасына ғана қойылады. Халықты ешқашан білместікпен де адастыруға бол­ майды­, халықта бір жолды екі жүретін уақыт та, жағдай да жоқ. Халық өзін адастырған топбасшыны кешірмейді. Сондықтан, көштің басына тек ақыл-пара­ саты кемел адам ғана шығады. Білімді, білікті, жүректі, тілекті, тіпті, қала берді, білекті адам ғана ел басқара алады.

Көсем – елін жарыққа сүйреген тұлға. Сұлтанмахмұт айтқандай, "қараңғылықтың кегіне" халқына күн болған жетекші...

Жан-жаққа бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп­ тұратын шамшырақ. Бірақ, ол қара бұқарадай қарапайым, қараша халықтай парасатты­ болуы тиіс. Десек те, көшбасшы – халықтың тірегі, қорғаны. Жетекші тұлға жетегіндегі қауымды басшы боламын деп емес, бақытқа жеткіземін, ұшпаққа шығарамын деп жетектейді. Міндет сінбейді, міндеттенеді.

Мақтаныш көрмейді, мақтан күтпейді, мақ­ танға мадақ айтпайды. Ол халықты мақтан-дырады. Табысқа жеткен, бақытын кешкен, қызық-қуанышын көрген, мұратын айқын та-ныған халықты мақтаныш сезімі билейді.

Жалғасы бар.

Abai.kz

1 пікір