Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3782 1 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 10:20

Бағдадта жарылыстан 17 адам қаза болды

Ирак астанасының оңтүстігіндегі блокбекетте мина қойылған жүк көлігінің жарылысы салдарынан 17 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақаттанды.

Жаңартылған осындай деректерді ирак полициясының дереккөздеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін, жарылыстан 13 адамның ажал құшқаны туралы хабарланған болатын. Агенттік мәліметіне сәйкес, жарылыс құрылғысы жүк көлігі тексерістен өтуге кезекте тұрған кезде іске қосылған. Жүк көлігінің жанында болған өзге бірнеше көлік те жалынға оранды.

 

1 пікір