Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 5615 6 пікір 29 Наурыз, 2017 сағат 23:06

Мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтықтан шығару керек

Бүгін депутаттар жақсы бір мәселені көтерді. Олар "Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер (босқындар мен өзге елден келетін кірмелер) қазақ тілі мен тарихынан емтихан тапсыруы керек"  деген ұсыныстарын Үкіметке жолдады...

 

Депутаттардың айтуынша, әлемдегі дағдарыс пен түрлі елдердегі азаматтық соғыстардың кесірінен босқындар Қазақстанға да жаппай бас сауғалап келе бастауы мүмкін. Елімізге тілі мен діні, мәдениеті бөлек елден мыңдаған мигранттардың бақылаусыз келуі ұлт қауіп төндірері хақ. Осыны Үкімет қаперіне салған мәжілісмен Азат Перуашев бірқатар мемлекеттегі босқындардың қатысуымен болатын жантүршігерлік мысалдарды келтірді. Осыны ескеріп, Қазақстан қабылдайтын мигранттарға дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып шарт қою керек дейді депутат.

Азат Перуашев "Азаматтық туралы" заңда емтихан тапсыру туралы норма енгізуді ұсынды. Яғни, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілі мен тарихынан және Конституцияны білуден сынақ тапсыруы тиіс.

- Жалпы еңбек мигранттары болсын мемлекетке келген адамдар біріншіден жергілікті тілін, екіншіден мен заңын біліп, үшіншіден дәстүрін сыйлау керек деп талап қойып отырмыз, - деді ол.

Жалпы, "Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашевтің ұсынысы құлаққа сіңімді. Бірақ, мұндай талапты тек босқындарға ғана енгізіп, өз азаматтарымызға еркіндік беру - әділетсіздік.

Мәселен, қазір елімізде қаншама адам мемлекеттік тілді білмейтіні туралы анық дерек жоқ. Осыны анықтау мақсатында бүкіл қазақстандықтардан емтихан алып, мемлекеттік тілді білуді міндеттеу керек. Жасы 40-қа дейінгілерден қазақ тілін білмейтіндерді азаматтықтан айыру қажет. Себебі, қазақтың нанын жеп, ауасын жұтқан адам оның тілі мен тініне құрмет көрсетуі тиіс. Егер де құрмет көрсете алмайды екен, өзі қалаған еліне кетсін. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтың мемлекетке қажеті жоқ.

Сіз не дейсіз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620