Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 6908 9 пікір 29 Наурыз, 2017 сағат 13:58

Бес байдан қазаққа бес тиын пайда бар ма?

Жақында "Forbes" журналы әлемнің ең бай адамдарының тізімін жариялады. Бұл жолы 31-рет жаңартылыпты.

Жаңартылған тізімде дәулеті тасыған бес қазақстандық бар екен.

Біздің бестіктің ішінде байлығы бәрінен асқан Болат Өтемұратов екен. Журнал Өтемұратовтың байлығын 2,3 млрд доллар деп бағалаған. Бүкіл әлем байларының рейтингінде Өтемұратов  896-шы болып жайғасқан.

Сондай-ақ, әлемдегі ең бай адамдар қатарына  "Қазақмыс" корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Құлыбаевтар да кірді.  Олар жалпы есепте 973 орында тұр. Яғни, үшеуі бір позицияны бөлісуде.

Әлем байларының ішінде "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алиджан Ибрагимов та бар. Ол 1,9 млрд қаржымен 1908 орынға көтерілген.

Байлар рейтингінде Билл Гейтс төртінші жыл қатарынан бірінші орынды берер емес. Оның байлығы бірер жыл бұрын ғана 75 млрд доллар болған. Қазір Билл Гейтстің дәулеті  86 млрд доллар.

Екінші орынға Билл Гейтстың досы Уоррен Баффет орналасса, Джеф Безос тұңғыш рет әлем байларының үштігіне енді.

Forbes тізіміне Ресейдің 96 азаматы енген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12 есеге көп.

Ортақ есепке жүгінсек, дүниежүзінің ауқаттыларының керуеніне іліскен бес қазақстандықтың ортақ байлығы 10,3 млрд долларды құрайды екен.

Айтпақшы, бұл бесеу Қазақстанның қалталы азаматтарының көшін бастап тұрғандар, рас. Ірілі-ұсақты елу байымыз бар. Олардың бесеуі әлемдік рейтингтегі ауқатты адамдар. Осы біз, қазақшылыққа салынып, байымыз бар дегенімізден, бізге не пайда? Қазаққа қызмет етпейтін байдан не қайыр?..

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3510