Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5635 0 пікір 26 Қаңтар, 2015 сағат 10:03

ЭКС-ШЕНЕУНІК ТОП-ЖУРНАЛИСТ БОЛА МА?

Экс-шенеуніктер журналист болып жетістіріп жүргендері шамалы. Әркім өз ісімен айналысқаны абзал ғой. Дарын мен қабілеттілікті, аса біліктілікпен қатар жүректілік пен батылдықты талап ететін журналистік қызметпен айналысу - еріккен шенеуніктер мен іші пысқан экс-депутаттардың ермегі емес. Журналист деп аталу немесе диплом алып шығу шынайы журналист болуға кепілдік болмайды. Тұлға болып қалыптасып, көптің ықыласына бөленгенде ғана ол - нағыз журналист. Қазір журналист атын жамылған халтущиктер иттің басынан көп. Ал, шын журналист саусақпен санарлық қана. Экс-депутаттар мен шенеуніктер журналист боламыз деп шала бүлінуден бұрын алдымен сауатты әрі талғамы биік оқырман болып алсыншы.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды.)

0 пікір