Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4946 0 пікір 27 Қаңтар, 2015 сағат 15:01

ҚАЗАҚ САМБОШЫЛАРЫНДА – БЕС АЛТЫН!

Алматыда 24-25 қаңтар күндері самбодан ерлер және әйелдер арасында Әлем кубогының бір кезеңі өтті.

Жарысқа әлемнің 24 елінен 400-ден аса спортшы қатысты. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен турнирде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 8 күміс, 13 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанғандар: қыздардан – Динара Жұмабаева (64 келі салмақ дәрежесі); жігіттерден – Есет Қуанов (62 келі), Арман Оспанов (68 келі), Асылбек Әлкей (74 келі) және Елдос Жұманов (68 келі, спорттық самбодан).

Күміс жүлдені жеңіп алғандар: қыздардан – Ләйла Қонысбаева (52 келі), Гүлнұр Ерболова (56 келі), Әйгерім Мұратәлі (68 келі), Әлия Жылқыбаева (80 келі); жігіттерден – Бейімбет Қанжанов (52 келі), Алмас Сүлейменов (57 келі), Нұрбол Серіков (68 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден астам салмақ дәрежесі).

Қоржынымызды қола медальға толтырғандар: қыздардан – Динара Ысқақова (48 келі), Жансан Жасұзақова (52 келі), Аэлита Щербакова (68 келі), Зере Бектасқызы (72 келі), Қалжан Тайжанова (72 келі), Нұрғайша Нұртаева (80 келі), Аида Шармаева (80 келі), Ақтоты Ысмағамбетова (82 келі); жігіттерден - Асылан Рахымжанов (52 келі), Исатай Асқанбай (57 келі), Бағдат Жарылғасов (62 келі), Теміржан Ишанғалиев (74 келі) және Шалқар Қаратаев (100 келіден асатын салмақта).

Турнирдің ең үздік спортшысы атағын Арман Оспанов жеңіп алды.

 

Aбай-ақпарат.

0 пікір