Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 5483 0 пікір 29 Қаңтар, 2015 сағат 12:33

ЕКПА: РЕСЕЙ ЕНДІ ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ ЕМЕС

Біздің ежелгі көршіміз Ресей мен екінші ендіктегі Еуропаның арақатынасы әбден суынып болды. Екі тарап арасындағы экономикалық қысым көрсету шарықтау шегіне жетіп, одан шегетін зиянды үшінші мемлекеттер сезініп жатыр.

Кәрі құрлық пен орыс орманы арасындағы қырғи-қабақ қатынас енді саяси дипломатиялық сатыға түскен тәрізді. Бұлай деуімізге түрткі: Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясына қатысушы елдер көпшілік дауыспен Ресей мемлекетін дауыс беру құқынан айырды. Шешім бойынша Ресей алдағы сәуір айына дейін ассамблеяға қатысушы елдермен тең құқылы бола алмайды. Былай қарғанда уақытша шектеу сияқты болғанымен, шешімнің соңында зіл жатқаны анық.

Негізі, әлемдік геосаяси өлшеммен алғанда Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы деген құрылымның тұзы жеңілдеу болып көрінетіні рас. Бірақ, Еуропа одағының елдерін біріктіретін ұйымның экономикалық қатынастарды реттеуге және мемлекеттердегі демократиялық құқықтың сақталуын қадағалауға келгенде қатып қалған қағидаттары және бар. Ресейге көрсетілген доңайбат осы тұрғыда, Донецк және Луганскідегі «халықтық республикалар» деген атаумен құрылған басқару жүйесіне қатысты туындаған. Ресей өз кезегінде бұл «республикаларды» мойындап, мемлекет ретінде танитындығын жариялаған болатын. Ал, Еуропа кеңесі Донецк және Луганскідегі «халықтық республикаларын» террорлық ұйымдар қатарына жатқызып отыр.

 

Абай.kz 

0 пікір