Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5642 0 пікір 30 Қаңтар, 2015 сағат 16:56

«ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ» ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып ақын, сценарист, режиссер Бақыт Қайырбеков тағайындалды. 30 қаңтар күні ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке де қатысып үлгерді. 

Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков 1953 жылы Алматыда дүниеге келген. 1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет инcтитутында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Советский Казахстан сегодня», «Қазақфильм» киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет министрлігініӊ репертуар-редакциялық алқасында, «Қазақтелефильмде», Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтыныӊ баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған. 1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғары курсыныӊ тыӊдаушысы болған. Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Кейінгі жылдары «Білім және мәдениет» телеарнасының директоры болып еңбек етті.
Бұдан бұрын хабарланынғандай, Ермек Аманшаев өткен жылдыӊ соӊында басқа қызметке ауысуына байланысты киностудияныӊ басшылығынан кеткен болатын. Ол Астана әкімініӊ орынбасары қызметіне тағайындалды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513