Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4814 0 пікір 7 Ақпан, 2015 сағат 17:00

КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Қазақстанның ішкі істер органдары мен Өзбекстанның құқық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимыл әрекеттерінің нәтижесінде Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылы тұрғынының өліміне күдікті ретінде Н.К.Нарметов қолға түсті, деп хабарлайды ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ult.kz сайты.

Қылмыстық оқиғадан соң өзбек шекарасынан әрі асып, бой тасалауға тырысқан Н.К.Нарметов бүгін Қазақстанға экстрадицияланып отыр. Қазіргі уақытта қылмыскер Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сарыағашта болған оқиғаның барысын анықтау үшін ҚР ІІМ-нің және ОҚО ІІД-нің қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Абай-ақпарат.

0 пікір