Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4617 0 пікір 9 Ақпан, 2015 сағат 15:26

«ҚАЗАҚМЫС» ҚАМҚОР БОЛАДЫ

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жамбыл облысының аумағында құлаған ұшақ бортында қаза тапқан қызметкерлеріне өтемақы төлемек. Өтемақы еңбек келісім-шартында көрсетілгендей, орташа айлық жалақының 10 жылдық мөлшерлемесімен есептеледі. Сондай-ақ, компания асыраушысынан айырылған отбасылардың кәмелетке толмаған мүшелеріне ай сайын жәрдемақы төлеп тұрады.

Ал, ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметовның барлық ем-домына қажетті қаржыны және оның отбасының Астанада қаласында тұруына кететін шығанды да «Қазақмыс» өз мойнына алды. Сонымен қатар, Әсемнің ауруханада жатқан кезеңдері үшін компанияға оған 750 000 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындады.

Абай-ақпарат.

0 пікір