Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7793 0 пікір 18 Ақпан, 2015 сағат 12:48

МӘЖІЛІС ЕЛБАСЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қаралды. Ол бойынша палата депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдап, онда президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдауды және сайлау мерзімін белгілеуді сұрады. Және ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үндеу жолдады. Үндеуде кезектен тыс сайлау өткiзу бастамасын барша қоғам қолдап отырғандығына назар аударылған.

Абай-ақпарат.

0 пікір