Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 4098 0 пікір 18 Ақпан, 2015 сағат 13:15

БЕЙБІТ КЕЛІСІМДІ РЕСЕЙШІЛ ТОПТАР БҰЗДЫ МА?

Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті шешуге ара ағайындық танытып отырған Қазақстан үшін бейбіт келісімдердің қабылдануы шын қуанышты жаңалық еді. Бірақ, Минск төрінде мәмілеге келген елдер басшыларының ізі суымай жатып, қанды қырғынды тоқтату туралы пәтуа бұзылды.

Украинаның Дебальцево қаласы маңында сепаратистер Үкімет әскерлеріне оқ атқан. Бұл туралы ел Президенті Петр Порошенко мәлімдеп отыр. Ол АҚШ вице-президенті Джо Байденмен болған телефон арқылы тілдесуінде орын алған оқиғаның артында ресейшіл күштердің тұрғанын да жасырмады.

Ал, АҚШ тарапы Ресей әлемдік қауымдастық алдында берген уәдесінен тайқып кететін болса, қабылданған қатаң шаралардан бас тартпайтындығын айтады. Демек, дүниені елеңдеткен саяси дағдарыс дауы жаңа сипат алып кетуі ғажап емес... Ондай атты күн туа қалса, көрші Ресейге бағытталатын жаңа экономикалық санкциялар мен саяси қысымның салдары біздің елге де кері әсер ететіні анық. Беті аулақ болсын дейік!

Абай.kz

0 пікір