Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5501 0 пікір 18 Ақпан, 2015 сағат 22:16

ҚАРЫМТАСЫНА ҚАЗАҚ АУЫЛДАРЫН ҚАЙТАРСЫН

Кеше Qamshy.kz порталына "Ресей Қазақстаннанжер сұрап отыр" атты мақала шыққан болатын. Мақаланың мазмұнанда Ресейдің Омбы губерниясы СҚО-да орналасқан "Русская поляна" ауылдық округін Ресейге қайтарып, орнына көлемі жағынан да, климаты жағынан да сол жерге пара-пар келетін жер теліміне айырбастауды ұсынға-ды. Бұл ұсыныс әлеуметтік ортада қызу пікір-талас туғызды.

Дәл осы мәселеге келгенде, байбалам салмай, байыппен бағдарлап, сарапқа салсақ, Ресей сұрап отырған "Русская поляна" ауылдық округінің орнына  шеттегі қазақ пен ата жұрттағы қазақтарға өте тиімді айырбас жасауға әбден болады екен.

Егер екі елдің мемлекет басшылары ортақ келісімге келіп, Ресей мен Қазақстан арасында территориялық айырбас жасалатын болса, Қазақстан мен Моңғолияны бөліп тұрған Ресейге қарасты жер телімін қайтаруды талап етуімізге болады. Себебі, Ресейге тиесілі жердегі ауылдарда тұрғындар санының  75 пайызын қазақ диаспорасы құрайды. Мысалы, Қосағаш, Жаңа ауыл ауылдарында жалпы орта есеппен алғанда 6-7 мыңдай қазақ отбасы тұрады екен.

Негізінен 2005 жылдан бері қарай күрмеуі қиын, шешуін таппай тұрған бір мәселе, осы - Баян Өлгий мен Қазақстан арасын байланыстыратын тікелей автожолдың әлі күнге бір ретке келтірілмеуі.  Арғы беттегі қазақтар мен бергі беттегі қазақтардың емін-еркін қатынап тұруына осы Ресейге тиесілі жер телімі кайтарлықтай кедергі келтіруде. Үш мемлекетті басып өтетін авто магистральлді 1000 шақырымға қысқартуға болатын мүмкіндіктер бар. Алайда Өлгий мен Шығыс Қазақстанды Байланыстыратын жолды Ресейдің рұқсатынсыз қысқарта алмаймыз.  Осы мәселені екі мемлекетке де экономикалық және геосаяси жағынан тиімді шешудің бірден бір жолы Омбы губерниясы сұрап отырған жер телімінің қайтарымы ретінде Өлгий ШҚО арасындағы Ресейдің иелігіне тиесілі қазақ ауылдарын қайтару. Қазір Өлгийге бастайтын айналма жолдың ұзақтығы тұп-тура 2000 шақырымды құрайды. Егер жоғарыдағы жер телімдері  мемлекетаралық айырбас арқылы Қазақстанның меншігіне өтетін болса, Моңғолиядағы қазақтар мен Қазақстан арасын байланыстырудың екі тиімділігін байқаймыз.

Біріншісі, осы уақытқа дейін Өлгийден атажұртқа бет алған қандастардың кеден салығы, виза алу дегендей ұшығы көп, түйткілді мәселелері жеңілдейтін еді. Мысалы, Өлгийден ШҚО шекарасы Шемонайхаға дейін Ресейдің Ташанта  шекара бекетінен  өтуге тура келетін. Егер сол жер телімдері Қазақстанның иелігіне өтетін болса Өлгийлік қандастар тек бір шекара бекетінен өтетін болады.

Ал, екінші бір тиімділігі Өлгий мен Өскеменді жалғайтын Лениногорск-Қарағайлы-Устькан-Қосағаш-Өлгий бағытын 780 шақырымға қысқартуға болады. Бұл мәселелер осыдан он жыл бұрын 2005 жылы Дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайында да талқыланған. Ол кезде Ресейден жер телімін талап ету емес, Өлгий-Өскемен маршуртын қысқартатын авто магистраль құрылысын бастау болған. Сол кездегі өлшемдер бойынша Өскемен-Лениногорск-Ресейдің Алтай Республикасы-Устькан ауданы-Шүй жазығы-Өлгий еді. Егер сол кезде бұл бастама аяқсыз жолда қалмағанда қазіргі таңда арақашықтық 400 шақырымға қысқарушы еді. Алайда сол кезде Ресей билігі бұл иеяны құптамаған болатын.

Енді міне, Ресей билігі, атап айтсақ, Омбы губерниясы шекаралық аймақтағы тұрғындардың өзара қатынуының жылдан жылға күрделене түскеніне алаңдаушылық білдіріп, бірінші болып территориялық айырбас жасауды ұсынды. Осы бір орайы келіп тұрған тұста біз де өзіміздікінен жаңылмай, Қазақстан мен Моңғолияны байланыстырып тұрған Ресейге тиесілі  ауылдарды өз иелігімізге қайтаруымыз керек.

"Қамшы" сілтейді

 

Дереккөз:  http://qamshy.kz/

Дереккөздегі тұпнұсқа тақырып: «Жер айырбасы: Ресейден Қазақ-Моңғол шекарасындағы аз жерді алуымыз керек»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534