Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4974 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 09:00

ШӘМШІ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

27 ақпан күні сағат 18-30-да "Қазақконцерт" залында Мұхтар Шахановтың "Шәмші ғұмырының геометриясы" (Қалдаяқов туралы эсселер) атты кітабының тұсаукесері өтеді. Қазақ вальсінің королі атанған Ш.Қалдаяқов өмірінің жұрт біле бермейтін қырлары мен шын талант иесінің өмір жолының бұралаңдары және бақыт баспалдақтары туралы тың деректер топтастырылған бұл кітап сіз үшін қызықты болуы керек. 

Кеште қазақ эстрадасының өкілдері: Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, «Жігіттер» квартеті, Көркем Сейсенбек, Элмира Нұрлыбайқызы, Сәулежан Тағзия, Сайран Байдоллақызы, Клара Асанова қатысып, Ш.Қалдаяқов пен М.Шахановтың бірлесіп жазған әндерін орындайды.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір