Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3943 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 09:03

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ГЕНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді.

«Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», - делінген Елбасы жеделхатында.

Абай-ақпарат

0 пікір