Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 9997 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 09:08

АДАМНЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ

Қасірет адамды екі түрлі күйге шыңдайды. 
Біріншіден, тым көңілшек болып кетесің. Қит етсе, көзіңнің жасы моншақтап дайын тұрады. 
Екіншіден, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда сабырлы мінез қалыптасады.
Бірінші күйге тоқталайық. Біреудің қасіретін көрген сәтте өз жараңның аузы ашылып, жүректен саулаған қайғының басыла қоюы қиын. Көңіл көбесі сөгіліп, сезім нөсері селдей береді. Қай-қайдағы есіңе түсіп, басыңнан өткен не бір сұмдық жайлар көз алдыңа көлбеңдеп келе қалады. Дәп сол күнгі күйді қайтадан бастан кешесің. Сол сұмдықты сол күннен гөрі бүгін бастан өткеру – әлдеқайда ауыр. Өйткені, қасіреттің салмағын анығырақ сезінесің. Сол күнгідей есің жоқ күйде емес. Мұны түсіндіру қиын. Басына түспеген жан бұл күйді дәл ұғына алмайды. Мұндайда ешкімнің жұбатуын да қаламайсың. Жұбатқан жанды жек көріп тұрасың. Әбден шеріңді шығарып барып қайтасың.
Екінші күйге келсек, бұдан былайғы өміріңде туындайтын қауіпті жайларға төзімділік танытасың. «Анау қасіреттен өткен қандай сұмдық болуы мүмкін, сонда да өлген жоқпын. Құдай берген жанды Құдай алады» деген ой сабаңа түсіреді. Мұны жазмыштан қашып құтыла алмайтыныңды нақты түсіну десе де болады. Өз сезіміңмен өзің арпалыстым дегенше шарасыздық шырмауына шатылдым дей бер. Олай болмас үшін буырқанған жан тебіренісін сабыр жаялығына бүктеп, арырақ итере саласың. Осылайша бұған дейін күйдіріп-жандыратын ауыртпашылықтың салмағы жеңілдей түседі. 
Қасіреттің күйік дәмін татқан сайын адам қасіретке қасқая қарайтын болады.

Гүлмария БАРМАНБЕКОВА.

 

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алдынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610