Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 5452 0 пікір 25 Ақпан, 2015 сағат 02:55

ЖЕР АЛМАСУ ЖАЙЫНА ЖҮРЕ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялауға қатысты айтылған әңгіме қоғам тарапынан қызу талқыға түскен болатын. ( Қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=2917 «ЖЕР АЛМАСУ» МА, ӘЛДЕ ЖЕРГЕ ЖАРМАСУ МА?)

Тілге тиек болған жайттың ұшығын көрші елдің Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов екеуара кездесу барысында шығарған еді. «Бізде Русская поляна атты елді мекен бар, одан облыс орталығы – Омбыға шығатын жол Қазақстан Республикасының аумағынан өтеді. Қазір екі ел арасында шекараны демаркациялау жұмыстары жүріп жатыр, егер ол дәл бұрынғы келісіммен, дәл қазіргі шекара сызығымен бекітілсе, онда біз, Ресей жағы, Русская полянаға бара алмай қаламыз» деп мұң шаққан Омбы губернаторы Назаров екі мемлекет арасында келісім жасауды, аумақтың ерекшеліктерге орай жер айырбастауды ұсынды. Бұл сөз айтылғалы бері қазақ қоғамы тарапынан қарсылық танытушылардың қарасы көбеюде. Ал, билік тарапынан осы мәселеге нақты жауап айтылмай келген болатын. Тек өткен күндері ғана еліміздің сыртқы саясат ведмоствосы бастамаға орай пікір білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде: «Ресей Федерациясы, Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың ұсынысына қатысты қоғам тарапынан қызу талқыға түскен тақырыппен таныса келе, екі мемлекет арасындағы жер алмасуға қатысты қандай да бір жұмыстар Мемлекеттік шекараны белгілеуге қатысты Қазақстан – Ресей біріккен комиссияның құзіретіне жататындығын хабарлаймыз» делінген.

СІМ таратқан ақпараттың тоқетері мынау: Ресей Федерациясы Қазақстан тарапына шекара маңындағы аумақтарды демаркациялау туралы өтініш айтпаған. «Ресей тарапынан ондай ұсыныс бола қалған жағдайда, мәселені қарау мен шешу халықаралық тәжірибе мен талаптар шеңберінде жүзеге асады» делінген Сыртқы істер минстрлігінің ақпаратында.

Қалай болғанда да, сыртқы саясат ведомоствосы таратқан мәлімдемені қазақ қоғамындағы алып-қашпа әңгімелерге берілген алғашқы ресми жауап деп қабылдауға болады. Әзірге...

Сондықтан, бұл тақырып еліміздегі барлық БАҚ-тың басты назарында болып қала бермек.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577