Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7119 0 пікір 2 Наурыз, 2015 сағат 17:43

«ЕҢ КЕДЕЙ» ПРЕЗИДЕНТ БИЛІКТЕН КЕТТІ. ХАЛҚЫ ЖЫЛАП ЖАТЫР...

Кеше Уругвайдың әйгілі "ең кедей президенті" Хосе Мухика өз еркімен биліктен кетіп, президенттік тізгінді ізбасарына табыс етті. Әлем баспасөзі президентін дәл осылай шығарып салған ел тарихта болмаған деседі. Шынымен де, БАҚ көз жастары көл болған,қызметіне ерекше риза болғандардың алғысын көрсетіп жатыр. 

 

Еңбекақысының басым бөлігін қайырымдылық мақсатына жұмсап келген ол елдің ерекше сүйіспеншілігіне ие болды. Халық қатты құрметтейді. Кейбір елдердегідей жалған емес, шын жүректен шыққан мадақ иесі.
Халқы оны жай ғана Пепе дейді екен. Ізін басқан Табаре Васкес те Пепенің жолын қуып, елді гүлдендіре түседі деп сенеді Уругвай халқы. Еуроньюсқа сұхбат берген жергілікті тұрғынның бірі былай дейді: 
"Бұл екеуіне дейінгі президенттер елді қиын жағдайға тіреп, быт-шытын шығарды. Халық аш болатын. Барлығы жұмыссыз қалды. Міне, небары 15, тіпті 10 жылда осы екі басшы келіп алдыңғыларының барлығы істей алмаған игілікті істерді жасады. Пепе мен Табаре - керемет жандар!".
Партизандық қозғалыстың бұрынғы мүшесі Мухика президент болған соң да күнделікті өмір салтын өзгертпеген. Қарапайым киініп, 1987 жылы шыққан ескі "Фольксваген Қоңыз" машинасымен жүрген. Тіпті президент сарайында да тұрмай, өзінің ескі фермасында ғұмыр кешіпті. Ал журналистердің сұрағына: "Мен кедей емеспін, тек өмірге шынайы көзқараспен қараймын. Менде бәрі бар, байлық пен дүниеге еркіндігімді ұрлатпай, өмір жолымда жеңіл қыдырыстағым келеді", -деп жауап қатыпты. Қандай керемет кісі! Қазақ билігінің басы-қасында жүрген бейбақтардан осындай ерлік істеген біреуді көріп пе едіңіз? Дүние қуған бейшаралар билік пен мансап, ақша мен атақ үшін адам өлтіріп, қылмыстың неше атасын жасап, қашып-пышып, ар-ұжданы маза бермей жүйкесі жұқарып өледі. Осыны Пепе жақсы түсінген. Біздің де көңілімізде жүруі тиіс өнеге екен...

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542