Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5150 0 пікір 10 Наурыз, 2015 сағат 12:54

ДОЛЛАРМЕН КҮРЕСУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

«Бір қуантарлық жағдай, Ұлт­тық банк төрағасы долларсыздану мә­се­ле­сімен айналыса бастады. Өте құптар­лық қадам. Коммерциялық банктердің сыртқы актив­терін шектеуге күш салды. Теңгемен сақтайтын депозиттердің үстеп коректен­діру мөлшерлемесін 10 пайызға көтерді. Ал доллармен сақталатынды 4 пайызға түсірді. Енді, міне, 3 пайызға тө­мендемек. Мұның өзі теңге рөлінің кү­шеюі­не жол ашу еді. Сондай-ақ доллармен депозит сақтауға да шектеу қойылды. Бір банкке 500 мың доллардан артық депозит сала алмайсың. Бұл да теңгені қолдау болып табылады. Доллардан құтылатын болсақ, экономика тұрақты болады. Қар­жы саласы тұрақтанады. Сондай-ақ әлем­дік қаржы жүйесінде туындаған валю­талық спекуля­ция­дан құтыламыз. Отан­­дық өндіріс дол­лар­дан ада болған кезде дамуы да артпақ. Ешқандай әлемдік қаржылық дағдарыста елімізге әсері болмайды. Қысқасы, дол­лар­­ды ығыстыру арқылы біз көп мүмкін­дікке ие боламыз. Тағы бір мәселе, қолма-қол ақшасыз тө­лем­дер аясын кеңейту. Бұл да дұрыс ше­шім. Ал бағаны шетел валюта­сында көр­сетуге тыйым салу баяғыда қа­жет еді. Бұл нағыз қылмыс болатын. Неге екен, кешеге дейін біз бәріне көз жұ­мып келдік. Құқық қорғау орындары қайда қарап келді? Түсініксіз. Тәуелсіз елдің ішкі сауда-сат­ты­ғы тек ұлттық валютамен ғана жүруі ке­рек еді. Кеш те болса, қолға алып жа­тыр­мыз. Бұл – доллармен күре­судің ал­ғаш­қы қадамдары. Әлі де көп жұмыс атқарылу қажет...» 

(Қаржыгер-сарапшы Iлияс ИСАЕВТЫҢ «Айқын» газетіне берген сұхбатынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530