Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 13637 0 пікір 13 Наурыз, 2015 сағат 16:19

НАЗАРБАЕВ ШЫНЫМЕН ДЕ КӨРЕГЕН БАСШЫ

Берік Әшімов деген журналист ағам бар. Шынымен туыспыз, аталарымыз ағайынды кісілер. Мен осы Берікті дана адам деп айта алам. Бұған ол лайк баспайды, өйткені Фейсбукты қолданбайды. Сосын екеуміз жылына 1-2 рет қана кездесеміз. 

Ол сынамайды, дауласпайды, күйіп-піспейді. Бірдеңені дәлелдеген боласың, менікі дұрыс деп ойлайсың, оныкі дұрыс болғанын уақыт көрсетіп жатады. Бұдан 10 шақты жыл бұрын "Назарбаев кетуі керек, мейлі орнына кім келсе, ол келсін, бірақ билік ауысуы керек" деп ойлайтынмын. Осыны дәлелдеп бағатынмын. Ол болса «Назарбаев біз үшін ең жақсы саясат жүргізіп келеді, Назарбаев Қазақстанның бағына берген президент» деуден танбайтын. Ең ауыр оқиғалардың өзі оның осы көзқарасын өзгерте алмайтын.
Біртіндеп Беріктің сөздері дұрыс екенін мойындай бастадым. Қазір көп нәрсеге оның сол кездегі көзімен қараймын. Сынамауға, күйгелектенбеуге тырысам. Берік емес, өмір үйретті.
Тұрақты әскері, қару-жарақ соғатын ұстаханалары, мемлекеттік аппараты, заңдары жоқ Қазақ хандығы қалай аман қалып, ал, Қытайды үнемі жеңіп отырған, тіпті орыс әскерін бір рет талқандаған Жоңғар мемлекеті неге құрып кетті? Ол кезде ешкім қызықпап еді, енді қарасақ қазақ даласы ең бай жер боп шықты. Шынымен де Қазақстанның құдайы бар. 
Назарбаев - шынымен де көреген басшы. Бір кездері сенбеуші едім, кейін де күмәнданатынмын. Украина көзіме шұқып көрсетті. Назарбаевтікі дұрыс болғанын мойындау үшін енді не керек?! Донбастың бізге келуі ме?
«Путин Ресейді құтқарушы» дейтін. Бәрі өтірік боп шықты. Путиннің түбіне не Қадыров жетеді, не Путин оның көзін жойып құтылады. Бірақ мәселе қалады. Бір кезде абыройын көтерген шешен соғысы еді, ол мәселе шешілмепті. Тұрақтылық орнады деп жүргені «мина замедленнего действия» екен. 
Назарбаев та мәңгі емес. Бірақ Путин кетіп, жағдай бір жайлы болғанша аман болсын. Өз басым осыны тілеймін. Бәрі осылай ойласа, табынып кетсін демеймін. Сынағысы келген, боқтағысы келген жұрт сөйте берсін. Ол да керек. Бірақ бүкіл өмірін президентті жамандауға арнаған кісілерге айтарым – кешіріңіз, просто демагогсыздар. Қалайша бүкіл посттарды бір адамды сынауға арнауға болады? Бұл ол кісілердің өмір салтына айналып кеткен. Өзі есеп бермеуі мүмкін, ылғи бір нәрсені сынайтын адам – ештеңеге риза болмайтын, жан-жағына дігірлеп, телевизордан кім сөйлесе сонымен ұрсысып отыратын адам. 
Аз уақыт бұрын Назарбаевты мақтайтын 20 шақты мақала жазуға ұсыныс болған. Ойландым. Иә, қолдаймын. Бірақ бір мақала жазармын, жақсы, тағы біреуін жазайын. Одан соң не айтам? Псевдониммен жаза алмаймын. Сөйтіп, бас тарттым. Бұл «ақша алған ба?» деген мәселе бола қалса дегенге қаратып айтып отырмын.
Айтпақшы, осыны жазуға түрткі болған мына сұхбат еді: Аркадий Дубнов деген мықты публицист, Орталық Азия бойынша авторитет маман. Мықты маман болуының мәні – объективтілігі. «Дождь» - либерал-демократтардың арнасы. Бірақ маман да, журналист те Назарбаевты мойындап, тіпті риза боп отыр. Мысалы, былай дейді.

«Назарбаев шынымен де дана саясаткер.
Батыс лидерлері қазір Лукашенко мен Путинге қарағанда Назарбаевты сыйлайды. Бірақ ол бұрын да Батыста беделді болатын.
Мұны президент сайлауы емес, референдум деуге болады. Өйткені, Назарбаевтың беделі тым жоғары. Онымен бәсекелесу мүмкін емес.
Батыс Назарбаевтың қайта сайланғанын қалайды. Өйткені, оған Қазақстаннан керегі – тұрақтылық, тұрақтылық және тұрақтылық.
Қазақстан - бүгінде посткеңестікті ұстап тұрған мемлекет. 
Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі даму потенциалы ең күшті мықты мемлекет болып отыр.
Ол жастарды Батыста мемлекет ақшасына оқытты, соның арқасында Қазақстанда білімді элита пайда болды. 
Біздің депутаттар орыс тілі тұрғанда ағылшын тілі не керек деп жатса, Назарбаев ағылшын тілін бірінші сыныптан оқыту кереу дейді. Мұны да Қазақстан билігінің плюс жағы деуге бола ма?
Иә. Бұл Ресейдің модерннен архаикаға, ал тарихи тұрғыда азиялық ел Қазақстан архаикадан модернге кетіп бара жатқанын көрсетеді».

Осындай сөздерді естігенде риза боп қаласың шалға. Оның мақтауын келтіреміз деп құр сөзді көпіртумен жүргендерді айтам. Ақыры мақтаған соң Дубнов екеуміз сияқты мақтамай ма, иә? http://tvrain.ru/…/nazarbaev_ponimaet_opasnost_russkogo_mi…/

Жазба автордың facebook парақшасынан алынды.

0 пікір