Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7412 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 18:23

НҰРЛАН ҚАППАРОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Қытай астанасындағы мейрамханалардың бірінде түскі ас мезгілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды. 
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы. 
Ол 1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.
«КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдан - «Ланкастер групп Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.

2013-2014 Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрі.

2014 жылдың 7 тамызынан бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Абай-ақпарат.

0 пікір