Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Біздің шенеунік 8737 0 пікір 30 Наурыз, 2015 сағат 15:10

МӘССАҒАН, МӘСІМОВ ҚОЙ МЫНАУ!

Әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қоғамдық көлікке мініп, Астана көшелерін кезіп жүргені туралы сөз гулеп тұр.


Мысалы, журналист Елтай Дәуленов: «Кәрім Мәсімов «тұқшырайып» алып бүгін 48-автобусқа менімен бірге мінді. Автобусқа кірді, жолақысы төленген билетін кондукторге көрсетті. Сөйтті де, әлдеқандай бір ойға беріліп, терезеден сыртқа көз салды... Сосын, 7-емхананың қасынан түсіп қалды. Кәрім Қажымқанұлы, мен сізді бәрібір танып қойдым» деп жазады.

Ал, ресми ақпарат көздері Мәсімовтың Сингапурде, марқұм Ли Куан Юді жерлеу рәсіміне қатысып қайтқаны туралы айтады. Әйтсе де, мына бір бейтаныс жанның ҚР Үкіметінің басшысына ұқсастығы ғажап ұқсастық ретінде бағаланып, алып-қашпа әңгімелерге өзек болуда. Сол көп әңгіменің бір парасы: расында мына адам – Мәсімовтің өзі дегенге саяды. Өйткені, ҚР Премьер-министрінің құпия өмірінде «Нұрбану» деген есіммен РФ мен Қытайдың барлау қызметінде болғаны жайында жиі айтылады.

Кім біледі, бәлкім, аз уақыттың ішінде қарыштап дамыған Сингапур сияқты елге барып қайтқан Мәсімов баяғы Һарон патшаның кейіпіне еніп, жүдеу киініп, көше аралап, елдің жайын өз көзімен көріп, біліп жүрген шығар...

 

Abai.kz 

 

(Суреттер журналист Жанкелді Қаржанның facebookтегі парақшасынан және primeminister.kz сайтынан алдынды.)

0 пікір