Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 8328 0 пікір 30 Наурыз, 2015 сағат 15:42

Жандос БАЙДІЛДА. "ЕМШІМЕН" ЕКЕУАРА...

"Майқұдықтан емші бала шығыпты" дегенді естіп, құр жата алмадық. Сенбі-жексенбіні пайдаланып Астанадан арнайы сұхбат құруға бардық. "Емші бала" деп жүргеніміз 30-дан асқан дүр жігіт екен. Өзі әңгімешіл екен, сұхбатты көп кідірместен бастап кеттік. 

– Сізді емші дейді? Тіпті "Майқұдықтан шыққан емші бала" деп жар сап жатқандар бар. Естуімше сіз әлі ешкімді де жарытып емдемегенсіз, бірақ қалай емші болдыңыз?
– Арғы аталарымның емшілігі де бар еді. Ыстығы көтеріліп ауырғандарды, көзі сырқаттанғандарды емдейтін. Адамның үстіне шыққан бөртпелерді де оңай кетіретін. Мұнымен қатар, көріпкелдігі де болды. Қандай да бір оқиғаны күні бұрын біліп қоятын. Сол аталарымнан мысқалдай болса да қасиеттер жеткен. 
– Нақты қандай қасиеттері?
– Оны енді нақты айта алмайм, бұл қайда шығатын сұхбат өзі?
– "Ел іші – емшілер кеніші" газетіне. Бұған дейін сұхбат алған басылымдар болды ма?
– Мұндай көлемді сұхбатты алғаш боп өзің алып отсың.
– Қызылордадан шыққан 11 жастағы Ербосын Серікбаев күніне 5 мыңнан астам адамды емдейді. Жас емші тіпті сал болып қалған адамдарды аяғынан тік тұрғызатын көрінеді...
– Жарнамам жүріп кетсе сол межеге барып қалармын. Қызылордаға бару еліміздің көп аймақтарына ыңғайсыз. Клиенттердің бәрі маған келер деген үмітім бар, еліміздің орталығы Қарағандыдамын. Астанаға да жақын дегендей. 
– Ең болмағанда сүндетке отырғызатын боларсыз?
– Ол сөз боп па?! Кейде 2-3 сантиметр қосып берем. 
– Бұрын немен айналыстыңыз? Қандай қызметте жүрдіңіз?
– Әр түрлі қызметтер. Әскери салада жүрдім. Қазір мәдениет саласындамын. Халық ағылып, үлгермей жатсам жұмысты тастап қалармын. Себебі, жұмысқа шығындайтын энергиямды мұқтаж жандарға жұмсағым келеді.
– Ақыңыз қанша, халықтың қалтасы көтере ме?
– Бергенін аламын, мынша таста деп айтпаймын. Бір ағамыз тоқалыма ұл туғызтып берсең Ресейден машина қуып әкеліп беремін деп отыр. Енді, сол кісінің тоқалымен айналысатын шығармын.
– Мына қолыңыздағы, басыңыздағы не? Оның емшілікке қатысы қанша?
– Қолымдағы екі қамшы. Біреуі жылқы мүсінінде жасалған. Қазақ ат үстінде ұйықтаған халық. Сол тектілігіміз қайтып келсін деген сөз. Екінші қамшым оюланған қамшы, түп-тамырымыздан ажырамайық деген сөз. Тақиямдағы гүл-гүлдей жайнап жүрейік деген белгі.
– Емші дегеннен гөрі әпендіге келесіз, ел қалай қабылдап жатыр?
– Сенген ел сенеді, келген ел келеді. Бетперде кимеймін. Әйтпесе, үйде тойдан келген шапандар бар, бірін киіп алсам да болар ед.
– Ас мәзіріңіз басқалардан өзгеше ме? Не жейсіз?
– Адал тамақтар. Үш рет шайылған ыдыстармен тамақтанамын. Су тек бұлақтан әкелінеді. Жоқ дегенде аквафорда сүзілуі тиіс.
– Сіз неке қиясыз ба?
– Негізі тұсау кесемін. Өтініп сұраса некені де қиюға болады деп ойлаймын.
– Неше әйеліңіз бар?
– Біреу.
Неге аз?
– Құдай берем десе 10 баланы 1 қатыннан ақ тудырады... Тәәәк, емделуге кісілер кеп тұр, сосын сөйлесейік. 
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Жандос Байділда.

 

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610