Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 7893 0 пікір 31 Наурыз, 2015 сағат 14:39

«САРАЙ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ»

Ақын Қадыр Мырза Әли былай депті:

-  Басқаны білмеймін, ал хан сарайында ұзақ қызмет істеген адамдардың сөзіне де, ісіне де сенуге болмайды. Олардың ақыл ойлары, тіпті адамдық-азаматтық сезімдері де деформацияға ұшырамай қоймайды. Өзгелерді айтпағанда олар өз үйлеріндегі сүйген жарларымен, бала-шағаларымен де дипломатиялық қарым-қатынас жасайды. Өзінің қабағын, өзінің тілін күзетумен күндері өтеді. Қарқылдап күле алмайды, еңкілдеп жылай алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Ауызын толтырып, айызын қандырып боқтай да алмайды...»

(Жазба Ерке Қыр қызы есімді facebook қолданушысының парақшасынан алынды)

0 пікір