Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3993 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 19:38

Біртуған байке. Қырғызға айтылды. Қазағым сен тыңда!

«Қырғызстанда бір ғана ұлт бар. Ол - қырғыздар». Қырғызстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Топчубек Тургуналиев «Азаттық» радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында осылай депті. Роза Отынбаваның кеңесшісі қоғамдық талқыға «Титулды ұлт», «Ұлттық диаспоралар», «Отандастар» туралы заң жобаларын ұсынып отырған көрінеді.

Топчубек Тургуналиев титулды ұлт туралы заң жобасында қырғыздар мемлекетке атын берген ұлт емес, керісінше, мемлекетті құрған және оны ғасырлар бойы қорғап, аялап отырған ұлт ретінде көрсетілетінін айтқан. Оның айтуынша, "Ұлттық диаспоралар туралы" заңда Қырғызстанда тұратын өзге ұлт өкілдері автономия құруға құқысы болмайтыны көрсетілсе, «Отандастар туралы" заң жобасында шетелдегі қырғыз азаматтарына мемлекет қамқор болатыны тасқа таңба қойғандай қылып жазылмақ.

Сонымен бірге, Топчубек Тургуналиев төлқұжаттағы "ұлты" деген бағамда «Қырғызстандық» деп жазылу қажеттігі, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің тегі көрсетілмейтіні жайында осы заң жобасында көрсетілгенін айтып, мұның бәрі "ұлтаралық жанжалдың болмауына және елдің тұрақты дамуына негіз болатынын" дәлелдеп отыр.

Бұл жерде ең маңыздысы аталған заң жобаларын сол елдің президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі ұсынып отырғандығын атап өткен жөн (Ертісбаевпен амалсыз салыстырады екенсің).

Біздің ойымызша, Топчубек Тургуналиевтің ұсынып отырған заң жобаларының жаны бар сияқты. Осындай қадамымен бүгінгі Қырғыз еліндегі саяси билік ұлт мәселесіне бей-жай, жүрдім-бардым қарамайтынын, сондай-ақ, өз болашағын қырғыз халқымен ғана байланыстыратынын аңғартады.

Титулді ұлтты қайдам, басқа мәселелер біздің елге таңсық емес. Ұлттық диаспоралардың қамын ойлап, олардың Қазақстандағы болашағын қамтамасыз ету жолында бүгінгі қазақ билігі аянбай қызмет етіп отырғаны анық. Алайда, қазақ билігі мемлекетті құрушы және оның түп иесі қазақ мәселесін ылғи да ұмытып кете беретін секілді. Соның салдарынан қазақ қоғамының билікке ішкі наразлығы еселеп артып келеді. Әзірге, қазақ билігі бұл мәселені білсе де білмеген сыңайда. Бұл да өз кезегінде Топчубек Тургуналиев айтқандай, "мемлекетті құрған ұлттың намысын айналып өтпеді".

Естеріңізде болса төлқұжаттағы бағамды алып тастау туралы әңгіменің арты біздің елде орасан қоғамдық қарсылыққа ұшырағаны белгілі. Егер, қазақ билігі әуелі "титулды ұлт" туралы әңгіменің шетін шығарып, сосын төлқұжат мәселесін қыстырып жібергенде, бәлкім, идея басқаша қабылданар ма еді?! Әлбетте, мұның бәрін қазақ билігі білмеді десек жалған болар. Мәселе, қазақ билігі өздері жиі айтатын және талмай насихаттайтын "ұлтаралық татулық" таразысының тепе-теңдігінің бұзылуынан өлердей қорқатын сыңайлы. Алайда, "татулық таразысы" осылай кете берсе кешегі тепе-теңдігін ұстап тұр ала ма? Біз бірдеңе түсінсек, салмақ бір жағына әлдеқашан ауып кеткен сияқты. Оған елде өткен санақтың деректері дәлел емес пе?!

Тіпті, қазақ билігі көзінің қарашығындай аялап отырған "ұлтаралық татулық" қалалардың тарихи атауын өзгертуде де бірлік танытпай отыр. Айтпақшы, Қазақстан тарихында "ұлттық автономия" құру мәселесі бірнеше мәрте орын алғаны аян. Бәлкім, қазақ билігіне де жерімізде тұрып жатқан диаспоралардың автономия құрмақ түгілі, ондай ойлауға да жол екенін көрсететін заң туралы ойланып қойғаны артық болмас. Құдай сақтасын, бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей. Соңғы кездегі елде болып отырған жағдайға қарап осындай да ойға келеді екенсің...

Ал, Топчубек Тургуналиев: «Бізде көп ұлт тұрады деседі. Қырғызстанда бір ғана ұлт бар. Ол - қырғыздар», депті. Осы тақілетті сөзді қазақ билігінің кез келген өкілінен есту біз үшін арман болып келген. Арман болып барады. Бірақ, кім біледі, бәлкім, біреу...

Абай-ақпарат

0 пікір