Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 10054 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 17:56

ЗАҢЫ ӘЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚЫЛМЫСКЕРІ МЫҚТЫ БОЛАДЫ

Кеше әлеуметтік желілерде Әліби есімді жігіттің соққыға жығылып, азап көргені туралы сөз шығып,  тарап кетті. Ғаламторды 24 жастағы Әлібидің екі суреті қатар шарлап жүр (суреттерді қараңыз). Сондай-ақ жас Әлібиді адами келбетінен айырған Қайрат Жамалиев пен оның оққағары және осы сұмдыққа себеп болған Айнұр есімді әйелдің де бейнесі берілген.

 

Ел іші біліп, құлағдар болып отырған жайтты басынан түсіп баяндаудың қажеті шамалы шығар. Сондықтан, көзіміз шалған әлемжелідегі пікірлерге бірге шолу жасайық:   

Айгүл Орынбек:

-  Қайрат деген бизнесменнің ашынасы əрі бір баланың анасы, мына шалды тастап, жас Əліби деген жігіттің басын қатырып жүреді. Айнұр мисс екі жақтың да басын қатырып жүрген. Әлібидің Айнұрға келіп жүргені бақылау камерасына жазылып қалған. Айнұрдың жүрісін біліп қойған Қайрат Əлібиге звондап, Айнұрдың үйіне шақырады. Əліби барады. Әліби барған кезде үйде Қайрат, жүргізушісі Толик, қорғаушысы Арман болады. Олар Əлібиді əбден ұрып, адам өлтіргенмін деп айтқызып, видеоға түсіріп алады. Əлібиді үтікпен күйдіріп, құлағын кесіп, ернін тіліп, құлағын естірпей тастаған. «Егер де біреу-міреуге айтсаң, отбасыңды қырамыз» деген. Сосын Əлибиді көшеге лақтырып кеткен. Осы күндері Жұмағалиевтердің отбасына қауіп төніп тұр. Өйткені, оларды əлі де қорқыту, үркіту болып жатқан көрінеді. Бір сұмдығы, Айнұр сұлу ақшаға сатылғандықтан ба, əлде қорыққаннан болар, Əлібиге қарсы шағым жазып отыр. Заңды сатып алуға болатын шығар, бірақ, баланы жасың келгенде қайдан сатып аласың!

Қылмыскерлер жазасын алсын. Мен ҚР азаматы ретінде Қайрат Жамалиев пен оның сыбайластарының заңды жазасын алуы керек екендігін ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтан сұраймын!

Алмабек Ақтайлақұлы:

- Күдікті ойлар мен күмәнді жәйттардың туындауына орай Әліби Жұмағұловты азапты соққыға жыққан Қайрат Жамалиевтың қолдаушылары, сыбайластары, дос-жаран, жолдас-жоралары кімдер екенін, тіпті туыс-туған, шыққан тегіне дейін анықтайық.

Заң бойынша қандай да бір күдік сотталушының пайдасына шешіледі. Тергеу мен соттау ісінде оның мүддесін көздейді деген күмәнді сейілту үшін оған ықпал етуі мүмкін тұлғаларды ашық анықтап, қоғамға жариялаудың оғаштығы жоқ. Бірден жұмылдық па , соңына жеткізейік.

Ұлықбек Есдәулет. ЗАҢЫ ӘЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚЫЛМЫСКЕРІ МЫҚТЫ БОЛАДЫ

- Мұндай жауыздар қоғамды жауызға айналдырады. Сондықтан қинау көрген баланың әкесінің де, осы постты жазған Айгүл Орынбектің де, басқа қалың жұртшылықтың да бұл жан-айқайы жерде қалмауы керек!

Мәдина Махамбетқызы:

- Қаршадай баланы қанға бөктірген қанішерлер қатаң жазалансын! Қыздарыңа, күйеулеріңе ие болыңдар, адамдар! Есімді жия алар емеспін! Сырттай бақылап отырып біздің жүрегіміз қарс айырылды, жанымыз ауырып! Ата-анасы, ағайындарының хал-ахуалын айтпасақ та түсінікті! Арам шөптердің тамыры тереңдеген заманда ақиқаттың өзін ақтау қиын... Қыз да жазасыз қалмасын! Қыз емес ол - шайтан! Алла жазаңды берсін! Анаңның құрсағын шіріткен құрт!!!!

Ақберен Елгезек:

- Міне, ағайын, Алланың жазасы қандай болатынын көрдіңіз! Қанша жыл шалқақтады, қанша адамның жолын кескен шығар, тойынды, мастанды, өзін ешқашан жеңілгеннің, міскін, бейшараның орнына түсем деп ойламаған болар. Анығы Құдайға аян. Табалап отырған жоқпыз. Алла осындай абыройсыздықтан сақтасын! Бұл оқиға бәрімізге ес жиғызатын сабақ болсын. Өмір мәңгі емес, жақынына мейірбан бол, адамның ала жібін аттама, ешкімге қиянат жасама, Жаратқаннан көмек, пана тіле, жүрегің сонда тыныш болмақ. Мына кісінің жағдайы не болды, ал? Күллі қазақтың қарғысына, антипатиясына ұрынды. Ел болуымыздың көп шарттарының бірі - біз бұл киелі мекенде алғашқысы да, соңғысы да емес екенімізді ұмытпау, ұрпақты ойлау, құтырып, жердің байлығын шашпау. Елді сүймеген, оның болашағына алаң болмай, осылай эгоист боп өмір сүрсең, онымен қоймай осындай қитұрқы дүниелер жасасаң, зауал кешікпей келеді. Априори.

Ғалым Боқаш:

- Зинһар, бір нәрсеге қайранмын, "қызы үшін зардап шеккен жас жігітті сақа бәсекелесінің айуандықпен азаптау әрекеті" туралы хабарға соншама зығырданы қайнай шулаған әділет іздеуші жұрт "басына целлофан пакет кигізіп тұншықтырып, шашынан тартып камера төбесіне іліп қойған Жаңаөзен толқуына қатысушыларды азаптап тергеу" туралы мәлімет шыққанда неге осыншама дүрлікпеді?

Бірінші жайттан екіншісі маңызды деп отырғам жоқ, қайсы жағдайдағы болсын азаптау әрекеті айыптауға тұрарлық. Тек аудиторияның құбылмалы реакция таныту себебін ғана білгім келеді.

Арман Сқабылұлы: ҚҰЛАҒЫМДЫ ШҰНТИТЫП ЖҮРЕР МЕ ЕКЕН?

Бір олигархтың ұлының "Қазақфильмге" жасап жатқан өктемдігi, ұлттық киноға қиянаты жайлы әзірлеп жатқан мақалама байланысты Есетжан Косубаев деген кеңесші "Арману - не советую!" деп сәлем айтыпты. "Советін" тыңдамасам, не істер екен бұлар? Ана бишара бала құсатып, құлағымды шұнтитып кесіп тастаудан тайынбайды-ау! Не болып кеттік? Шіріген байлар ойларына келгенін істейтін болды. Өздері ештеңеден қорықпайды. Министрдің өзі олардың алдарында құрдай жорғалайды. Заң да көбінесе солардың жағында. Бір сөзбен айтқанда қалталының "құдайын ұмытқан" заманы келді. Қой, құлақ аманда осымен доғара тұрайын. Қалғанын сайлаудан кейін айтамын...

P.S. Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың фейсбуктегі жеке парақшасын белгісіз күштер  өшіріп тастағандықтан ол өзінің жаңа парақшасы ашып отыр. Мына сілтемеге қараңыз: https://www.facebook.com/realnurlanzhumagulov

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606