Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3647 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 18:11

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ. Денсаулық сақтау министріне қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр

Қаржы полициясы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 9 миллион доллардан астам қаржы жымқырды деп айыптайды. Ал бір топ депутат бас прокуратурадан министрге қатысты қылмыстық іс қозғаған қаржы полициясының әрекетін зерттеуді талап етіп жатыр.

Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, Жақсылық Досқалиев 2005-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының ректоры болып жүрген кезінде заңға қайшы әрекет қылған. Дәл осы жылдары өзінің досы, "Астана КБТ" ЖШС-нің директоры К.Кенжин деген азаматпен академияға тиесілі учаскіде екі тұрғын үй салу туралы келісімге отырған.

ЗАҢСЫЗ ҮЙ САЛУ

- Досқалиевтің сенімхатының негізінде Кенжин пәтерлерді академияға еш қатысы жоқ жеке тұлғаларға сатып, 1.4 миллиард теңге табыс тапқан. «Астананың медициналық университеті» АҚ-ы бөлген жер телімдері оқытушылардың тұрғын үй құрылысына арналған болатын, - деді Мұрат Жұманбай қыркүйектің 29-ы күні өткен брифингте.

Қаржы полициясының ақпарат құралдарына таратқан баспасөз мәлімдемесінде министрдің тергеу кезінде қылмыстық істегі куәгерлерге қысым жасағаны турасында баяндалған. Ондағы ақпаратқа сенсек, айып тағылғаннан кейін Досқалиевте елден кетпек ой болған.

«Досқалиев шет мемлекеттердің біріне кету үшін виза ашқан. Бұл оның қылмыстық жауапкершіліктен бұлтару мақсатында Қазақстан Республикасына қайтып оралмау ниеті болды деп тұжырым жасауға негіз береді» деп жазылған баспасөз мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның аяғында қаржы полициясы өз қызметін асыра пайдаланды деген айыппен Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын.

ИНСУЛЬТ АЛУ

Апта басында денсаулық сақтау министрінің тергеу кезінде инсульт алып, Астанадағы қалалық ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.

Министрдің денсаулығына алаңдаған бір топ депутат сәрсенбі күні Бас прокуратурадан қаржы полициясының министрге қатысты әрекетін зерттеуді сұрап, депутаттық сауал жолдады. Олар тергеуден кейін инсульт алған министрге не себепті дер кезінде көмек берілмегенін де анықтап беруін талап етті.

«Дүйсенбіде депутаттарға қыркүйектің 25-сі күні Досқалиевтің қаржы полициясында тергеу кезінде инсульт алғаны белгілі болды. Алайда тек қыркүйектің 26-сында ғана сағат 15.40-та ол Ұлттық медициналық орталыққа ауыр халде жеткізілген» делінген депутаттық сауалда. Депутаттардың ойынша, егер министрге уақтылы көмек бергенде ол мұндай ауыр халге түспес еді.

Дегенмен қаржы полициясы сәрсенбілік брифингте министрдің тергеу кезінде инсульт алғанын жоққа шығарды. Олардың айтуынша, қыркүйектің 26-сы күні таңертең министрдің қан қысымы жоғарылап, ауруханаға жеткізілген.

СОТ БІРДЕН ҚАМАУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕДІ

«Досқалиевті тергеу жұмысы адвокаттың қатысуымен қыркүйектің 22-сінде өтті. Мұнан кейін тергеу амалдары болған жоқ» дейді қаржы полициясы ақпарат құралдарына таратқан мәлімдемесінде.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қазіргі таңда министрдің денсаулығы әуелгіше нашар. Біз министр жатқан ауруханаға хабарласа алмадық.

Сарыарқа аудандық соты дәл осы себеппен жаза тағайындау туралы қаржы полициясының өтінішін қанағаттандырмаған еді. Мамандар алдағы уақытта қаржы полициясының қайта өтініш беретінін айтып отыр.

55 жастағы медицина ғылымының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев денсаулық сақтау министрі қызметіне екі рет тағайындалған еді. Алғаш рет министрлікті 2001 жылғы қазаннан басқарған ол 2004 жылғы сәуір айынан Астанадағы медицина академиясының ректоры болып жұмыс істеді. 2007 жылы тамызда президенттік «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ал 2008 жылы қарашаның 20-сы күні ол президент жарлығымен денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалған-ды.

http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_the_health_minister_Doskaliyev_is_accused_of_doing_illegal_business/2171825.html

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499