Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Енді қайттік?.. 6572 0 пікір 27 Сәуір, 2015 сағат 07:56

АЛМАТЫДА ТАҒЫ ДА ӨРТ. «АДЕМ» САУДА ҮЙІ ӨРТЕНІП ЖАТЫР

Алматы қаласында тағы бір ірі сауда үйі өртеніп жатыр. «Адем» деп аталатын аумағы ат шаптырым сауда үйі кеше (26 сәуір) кешкі сағат 21.30 шамасында басталған. Көргендер бастапқыда сауда үйінен түтін шығып жатқанын айтады. Содан кейін қатты жарылыстар естілген.

Аталған сауда үйінде саудагерлердің жалға алған немесе сатып алған дүкендері бар. Алматылықтар «Адемдегі» тауарлардың қымбат әрі сапалы екендігін жақсы біледі. Бір саудагердің ол жерде кемінде бір, екі миллион теңгеден асатын заттары болуы мүмкін. «Адемде» миллиондар өртеліп жатыр.

Түннен бері өрт сөндірушілер «Адемнің» айналасында жүр. Бірақ өртті тоқтата алар емес.

Соңғы екі-үш жылдың ширегінде Алматыдағы сауда нүктелері жиі отқа орана бастады. 2013 жылы қыркүйек айында «Құлагер» базары өртенген болатын, соған ілі-шала «Ялан» базарынан қызыл жалын лап етті. 2014 жылы күзде «Никольский» базарынан да, Орталық көтерме базардан да өрт шықты. Базарлардың өртенуін мамандар «базарлардағы бутик иелері электр тоғының қауіпсіздігіне мән бере бермейді, өрттің тұтануына тікелей себепкер – электр көздері» дегенді айтып келген. Енді «Адем» туралы не дер екен? «Адем» - қара базарларда қаптаған сауда орындарының бірі емес, ол – өз алдына жеке орналасқан, қазіргі заманға лайықты жабдықтармен қамтылған жеке ғимарат.

Abai.kz

0 пікір