Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3566 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 07:57

Қасқабас Қазақ. Бізге жетпегені осы ғана еді!

Республикамызға тарайтын «Жетінші арнаның» ақпаратына сенсек, Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдары сол аймақ тұрғындары үшін қос азаматтықты ресми түрде бекітуді сұрапты. Олардың пікірінше, бұндай қадам аймақта кеңінен тараған «азаматтықпен сауда жасау бизнесіне» төтеп берудің жолы көрінеді.

Бұл жаңалықты естіп, амалсыз жағамызды ұстадық. Өз көзімізге сенбай, «Жетінші арнаның» веб-сайтының қазақша бетіне ендік. Онда «Ресей мен Қазақстан төлқұжатын қатар алғандарға бақылау күшейді» деген жаңалық тұр екен. Сюжетте былай делініпті (сілтемесі http://www.tv7.kz/kz/news/28372/):

 

«Солтүстік Қазақстанда Ресей мен Қазақстан азаматтығын қатар алғандарға бақылау күшейтілді. Петропавл қаласында бұл мүмкіндікті пайда көзіне айналдырып жүргендер саны көбейіп кетті. Кейбір тұрғындар Қазақстанда жұмыс істеп жүріп, Ресейден жұмыссыз ретінде жәрдемақы алып келген. Тіпті, Ресей төлқұжаты арқылы зейнетақыға ерте шыққандар да анықталды. Кейбіреулер жөргекпұлды екі елден алуға әрекет жасаған. Осыған байланысты, әділет басқармасы мамандары шара қолдана бастады

Республикамызға тарайтын «Жетінші арнаның» ақпаратына сенсек, Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдары сол аймақ тұрғындары үшін қос азаматтықты ресми түрде бекітуді сұрапты. Олардың пікірінше, бұндай қадам аймақта кеңінен тараған «азаматтықпен сауда жасау бизнесіне» төтеп берудің жолы көрінеді.

Бұл жаңалықты естіп, амалсыз жағамызды ұстадық. Өз көзімізге сенбай, «Жетінші арнаның» веб-сайтының қазақша бетіне ендік. Онда «Ресей мен Қазақстан төлқұжатын қатар алғандарға бақылау күшейді» деген жаңалық тұр екен. Сюжетте былай делініпті (сілтемесі http://www.tv7.kz/kz/news/28372/):

 

«Солтүстік Қазақстанда Ресей мен Қазақстан азаматтығын қатар алғандарға бақылау күшейтілді. Петропавл қаласында бұл мүмкіндікті пайда көзіне айналдырып жүргендер саны көбейіп кетті. Кейбір тұрғындар Қазақстанда жұмыс істеп жүріп, Ресейден жұмыссыз ретінде жәрдемақы алып келген. Тіпті, Ресей төлқұжаты арқылы зейнетақыға ерте шыққандар да анықталды. Кейбіреулер жөргекпұлды екі елден алуға әрекет жасаған. Осыған байланысты, әділет басқармасы мамандары шара қолдана бастады

Самат Жұмақанов - «Петропавловск-Железнодорожный» шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары: «Кейбір жолаушылар шекарадан өткенде төлқұжаттарын жасырып өтуге әрекет жасайды. Сөмкенің ішіндегі киімдердің арасына тығады. Сондықтан біз жолаушыларды қатаң бақылаймыз...»

Дегенмен, айлакерлер қулығын мамандар әшкереледі. Олар алдымен, қазақстандық төлқұжатқа елден шығу жөнінде мөр бастырып, соның негізінде ресейлік құжат жасап жүрген. Кейін алаяқ қазақстандық төлқұжаттың жоғалғандығына арызданып, қайта жасатып алатын көрінеді. Бұл заңсыз қызметтің құны - 300 АҚШ долларын құрайды. Жыл басынан бері Петропавл қаласында шекарадан қос құжатпен өтпек болған 84 жолаушы ұсталған» (цитатаның соңы).

 

Есесіне орыстілді бетіндегі жаңалықтарда «Чиновники просят разрешить двойное гражданство» деген сюжет бадырайып тұр. Онда былай делініпті (сілтемесі мынау http://www.tv7.kz/news/28388/):

 

«Органы юстиции Северо-Казахстанской области просят узаконить двойное гражданство. Исключительно для жителей северного региона. Сегодня о такой сенсационной идее 7-му каналу рассказали специалисты профильного ведомства. Дело в том, что граждан с двумя паспортами в Петропавловске стало так много, а незаконный бизнес на оформлении документов так преуспел, что в области стали искать нестандартные решения. Ольга Витукевич пыталась разобраться в ситуации.

Четыре года в сумочке у Марии два паспорта. Бирюзовый и красный. Говорить открыто о двойном гражданстве она по понятным причинам не хочет. Это незаконно, но добавляет: очень удобно.

Мария: «В одном государстве получать пособие по безработице. А во втором работать, а еще и это уже просто прикольно - можно два раза выйти замуж - в каждом государстве. И это будет законно».

Материальный интерес - это основное. Можно, к примеру, получить пособие на ребенка сразу в двух государствах. Спрос породил предложение. В Петропавловске появились неуловимые мошенники.

Ольга Витукевич, корреспондент: «Схема получения двойного гражданства очень простая. В казахстанский паспорт ставят фальшивую отметку об убытии. Его и сдают в России, но удостоверение личности и это самое главное - остается на руках. А значит, пока новоиспеченному россиянину изготавливают российские документы, он тут же заявляет об утере казахстанского паспорта, и получает его заново. На законных основаниях. Стоит это услуга у мошенников 300 долларов, и спрос на нее не снижается».

Но если поймать тех , кто делает бизнес на гражданстве пока не получается, то вот обладателей двух паспортов задерживают все чаще. 84 случая с начала это года. За это их не штрафуют, а просто изымают российские документы у казахстанцев прямо в поездах.

Самат Жумаканов, заместитель начальника отдела пограничного контроля «Петропавловск-Железнодорожный»: «Бывают случаи, когда люди, которые пересекают границу, прячут паспорта в вещах, сумках, в личных вещах чаще всего. Пограничный наряд выявляет это и производит задержание».

Сотрудники управления юстиции предложили два выхода. Один - ужесточить наказание. Другой - прямо противоположный.

Корлан Жумабаева, начальник отдела организационной работы по документированию и регистрации населения департамента юстиции СКО: «Тут надо смотреть дальше - тут и национальная безопасность, потому что с двойным паспортом может легализоваться человека, который например находиться в розыске. Да, наверное, надо ужесточить, или целесообразнее рассмотреть в приграничных районах, возможно, использовать возможности Таможенного Союза».

Сейчас запрос о легализации практически готов. Приграничный сразу с тремя российскими областями регион просит, правда, только за себя. Теперь министерству предстоит решать эту дилемму: или бороться дальше с двойным гражданством. Или все-таки его разрешить» (цитатаның соңы).

 

Сонда «Жетінші арнаның» қай сөзіне сенуіміз керек? Қазақшасына ма әлде орысшасына ма? Қайсысы шындыққа жанасады? Бір елде екі ақпараттық кеңістік бар деуші еді. Енді екі саясат басталайын дегені ме?

Алайда, мәселе тереңде жатқан сияқты. Егер СҚО Әділет басқармасының басшылары үкіметтен шынымен де қос азаматтықты сұрап отырса жетіскен екенбіз! Сонда Қазақстанның Конституциясы қайда қалды, заңдары қайда? Қос азаматтық тиым салынған дүние емес пе? Солтүстіктің біраз тұрғындарының қалтасында Ресей паспорты жүргенін шенеуніктер кеше естіп жатқан жоқ. Ондай фактілер ашылып жатса оларды заңмен қудалау қажет! Басқа жолы жоқ! Ертең СҚО-ның жүз мың тұрғыны Ресей азаматының төлқұжатын алып, Путинге «ара түс, қазақтар қырайын деп жатыр» деп жанталасса еліміз Абхазия мен Осетияның кебін киіп жүрмей ме? Не масқара мынау?

Қорқыныштысы шенеуніктердің немқұрайдылығы. Егер шенеуніктеріміз намысты, ұлттық мүддені ысырып тастап, өз аймағы үшін «төлқұжаттық автономия» сұрап жатса, ертең елді бөліп әкетуді казактар емес, қазақтар бастағаны ма? Қайда бара жатырмыз осы?

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір