Жұма, 29 Наурыз 2024
Біздің шенеунік 6329 0 пікір 15 Мамыр, 2015 сағат 09:51

21 МЫҢ ТЕҢГЕМЕН БІР АЙ КҮНЕЛТІП КӨРІҢІЗШІ, ТАМАРА ХАНЫМ!

Елімізде ең төменгі өмір сүру деңгейі 21 мың теңге 364 тиын. Халықтың әлеуметтік ахуалын шотқа салып отырған биліктің бекітіп бергені – осы. Қазақстан – жалпы инфляциядан көз ашпай келе жатқан ел. Бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлер мен зейнеткерлердің әмиянына бірер тиын артық түссе бітті, азық-түліктің, коммуналдық қызметтің, т.б. бағасы шарықтап шыға келеді. Алдағы шілде айынан бастап, мысалы, коммуналдық тарифтың тағы көтерілетіні айтылып жатыр. Себебі, су құбырлары ескіріп кетіпті, оның бәрін қайта жаңалау керек. Сол үшін тарифты көтеріп, халықтан ақша жинауға тура келіп тұр.

Ерболат Досаев: "Шетелдіктер іркінді суға жунады".

«Біздің бәріміздің жеке есеп шотымыз бар. Осы есеп шот арқылы жарыққа, көгілдір отынға ақы төлейміз. Суға төлейтін ақшамыз жарық пен көгілдір отынның қасында түк те емес. Суға төленетін қаражатқа дұрыс қарауымыз қажет. Шетелдіктер су құбырының бұрандасын жайдан-жай аша салмайды, өйткені ол – ақша. Сондықтан да олар іркінді суға шомылады», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Бұндайды кім естіген? Үнемшіл Еуропа жұртының жиналып қалған суға жуынып жүргенін қанша жерден үнемшіл болса да естімеген екенбіз. Алайда, министріміз айтып отырған соң сенбеске амал кем. Сонымен, 21 мың теңге 364 тиын... Бұнымен бір ай өмір сүру қаншалықты мүмкін. Қоғам белсендісі, саясаттанушы Расул Жұмалы Халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға әлеуемттік желі арқылы тосын сауал тастайды:   

-         Сіздің ұйғаруыңызбен Қазақстанда ең төмен өмір сүру деңгейі 21364 теңге болып бекітілгені мәлім. Қамқорлығыңызға көп рахмет. Алайда дәл осы 21 мың теңгеге өзіңіз ай бойы күнелте аласыз ба? Шешім қабылдаған сіз, демек, оның негізді екеніне сізден басқа кім жауапты? Дәлелдеңіз халқыңызға бұл санның Айдан алынбағанын. Ал енді аштық сынағынан аман-сау шықсаңыз, сізді әрі сіз бастаған министрлікті сынамауға өз басым сөз беремін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592