Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5855 0 пікір 25 Мамыр, 2015 сағат 19:29

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА 26 МЕМЛЕКЕТ ӘЗІР

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуларын 26 мемлекет растады. Бұл туралы Астана экономикалық форумының «ЕХРО-2017 – тұрақты даму энергиясы» панельдік сессиясы кезінде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды абай.кз

 «Бүгінгі таңда 26 мемлекет біздің көрмеге қатысуларын ресми түрде растады. Өтініштер әлі де болса түсуде, басқа мемлекеттерден де өздерінің мақұлдауларын күтудеміз. Үш халықаралық ұйым ресми түрде өз қатысуларын растады. Менің ойымша биыл мемлекеттердің растауларын барынша жинаймыз, бұл мөлшерімен 60-70 мемлекет», - деді Р.Жошыбаев.

Оның айтуынша алдағы көрме қатысуға ниетті халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың қызығушылығын тудыруда. «Астана экономикалық форумы кезінде ЭКСПО  алдында және оның аясында Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгрессін өткізу туралы бастамалар пайда болуда. Біз Астана ең қызықты идеялар алаңына айналуын қалаймыз», - деп атап өтті ЭКСПО  комиссары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590