Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4571 0 пікір 27 Мамыр, 2015 сағат 15:09

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АДАМҒА АРНАЛҒАН ТІКҰШАҚ ҚҰЛАДЫ

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының маңында екі орындықты тікұшақ құлады. Тікұшақтың тізгінінде отырған ұшқыш оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады

Бұл туралы Төтенше жағдайлар бойынша облыстық департамент хабарлауда.

Апат Ескелді ауданының аумағындағы Балпық би ауылының көлік жолына жақын жерде болған.  

Алдын-ала мәліметтер бойынша, тікұшақ жоғары вольтты элкетр желісіне ілініп құлаған көрінеді.  

Абай-ақпарат

0 пікір