Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 435. Жазылғандар — 27. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1826 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 23:42

Динара Есентаева. Аралас неке алысқа апармайды

Аралас неке қазаққа аса таңсық емес. Өйткені өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақ зиялыларының көпшілігі орыс, украин, болгар және т.б. өзге ұлт өкілдерінің қыздарымен көңіл жарастырып, отау құрғаны тарихи шындық. Мұның өзіндік себебі де бар. Бір жағынан, бұл ынтымақтастықтың бір түрі болса, екінші жағынан, сол дәуірде көркіне білімі сай қазақ арулары ілуде біреу еді. Әйтсе де, жапатармағай жат жұртпен құдандалы болу дәл бүгінгідей етек жайған емес. Зерттеушілердің пікірінше, аралас некенің ең шарықтау шегіне жеткен кезі 2000 жылдар. Мемлекетаралық саяси-экономикалық байланыс нығайған сайын шетелдіктермен қарым-қатынаста жандана түсті.
Психолог Мәдина Қалауованың айтуынша, аралас некені қалайтын бойжеткендер көбіне-көп шетелде шалқыптасып өмір сүруді көздейді. Қиялындағы ханзадасын тілі түгілі, танымы мен діні бөтен ағылшын, түрік, неміс, француз, тіпті қара нәсілділердің қатарынан жолықтырған арулар өзге мемлекеттегі өмір дәл кинодағыдай тамаша деп ойлайды. Соңғы жылдары отандық арналарды шырмауықша шырмап алған кәріс және түрік сериалдарын құмарта қараушылар осы ұлттың өкілдеріне ынтыға көз тастайтын болды.

Аралас неке қазаққа аса таңсық емес. Өйткені өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақ зиялыларының көпшілігі орыс, украин, болгар және т.б. өзге ұлт өкілдерінің қыздарымен көңіл жарастырып, отау құрғаны тарихи шындық. Мұның өзіндік себебі де бар. Бір жағынан, бұл ынтымақтастықтың бір түрі болса, екінші жағынан, сол дәуірде көркіне білімі сай қазақ арулары ілуде біреу еді. Әйтсе де, жапатармағай жат жұртпен құдандалы болу дәл бүгінгідей етек жайған емес. Зерттеушілердің пікірінше, аралас некенің ең шарықтау шегіне жеткен кезі 2000 жылдар. Мемлекетаралық саяси-экономикалық байланыс нығайған сайын шетелдіктермен қарым-қатынаста жандана түсті.
Психолог Мәдина Қалауованың айтуынша, аралас некені қалайтын бойжеткендер көбіне-көп шетелде шалқыптасып өмір сүруді көздейді. Қиялындағы ханзадасын тілі түгілі, танымы мен діні бөтен ағылшын, түрік, неміс, француз, тіпті қара нәсілділердің қатарынан жолықтырған арулар өзге мемлекеттегі өмір дәл кинодағыдай тамаша деп ойлайды. Соңғы жылдары отандық арналарды шырмауықша шырмап алған кәріс және түрік сериалдарын құмарта қараушылар осы ұлттың өкілдеріне ынтыға көз тастайтын болды.
Көз алдындағы қазақ жігіттеріне менсінбей қарап, олардың жүріс-тұрысын сынап-мінеуге көшкендерді көріп те жүрміз. Бір ғана мысал. Жұлдыз есімді құрбымның Қарашығанақта жұмыс істейтін жас түрікке өлердей ғашық болғаны, сөйтіп, екі жыл бойы сол жігітке «азаматтық әйел» болғаны бар. Құрбыма бұл махаббаттың баянсыз екендігін қанша айтқаныммен, ол дегенінен қайтпады. Өзіне сөз салған қазақ жігіттерінің көңілін сан мәрте жықты. «Ұлты да, тәлім-тәрбиесі де өзге. Әйткенмен бұл маңызды емес. Бастысы - біз бір-бірімізді сүйеміз. Оның Стамбулда дағарадай үйі, жеке кәсібі бар екен. Қазақстанға уақытша табыс табу үшін келіпті. Мол қаржы жинап алған соң мені өзімен бірге Түркияға алып кетеді», дейтін жүзі қуаныштан бал-бұл жанып. Біздің елге қу құлқынның қамы үшін келген «күйеу жігітіміз» ақыры еліне оралды. Жұлдыз қу тізесін құшақтап жалғыз қалды. Қайткен күнде де Жұлдыз ащы сабақ алды. Әйтеуір туған топырағынан қол үзіп, атамекеннен алыстап үлгермеді.
Ресми мәліметке сүйенсек, өзге ұлт өкіліне жар болуды қалайтын қазақ қыздарының қарасы көбейіп барады. Батыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің бастығы Абай Хамзиннің мәліметіне қарағанда, 2009 жылдың 11 айында 652 адам өзге ұлт өкілдерімен неке құрған. Осы мерзім ішінде облыста 10308 нәресте дүние есігін ашса, соның 854-інің әкесі өзге ұлт өкілі. Орал қалалық әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің бастығы Ләззат Орманованың айтуынша, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Татарстан азаматтарымен отау тігу көп. Соңғы жылдары Түркия, Италия, Испания, Ұлыбритания азаматтарының етегінен ұстаушылар да жиі ұшырасады. Жалпы, қазақ қыздарының басым көбі орыс пен түрікке, одан қалды еуропалыққа шығуды қош көреді екен.
Өзге ұлттың қыздары қазаққа тұрмысқа шыққанмен, өз тілін ұмытып, қазақ тілінде сөйлеп кететіні ілуде біреу ғана. Мәселен, татар, орыс қыздары қазақ ауылына қанша сіңісті болса да, тек өз тілінде ғана сөйлейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қаймағы бұзылмаған қазақ ауылына орыс ұлтының қызы келін боп түсті. Қайын жұрт ата салтымен келіннің бетін ашты, құдалар төс түйістірді, жөн-жоралғы барынша сақталды. Жас келін біртіндеп тіл сындырды, самаурын қайнатып, ошаққа нан жапты. Ата-енесінің көңілін табуға тырысып бақты. Құран оқылғанда бет сипаса да, оңашада шоқынды. Дүниеге сәби келді. Нәрестенің ұсқыны қазақтан гөрі, орысқа жақын. Азан шақырып қойған аты қазақша болғанмен, анасы еркелетіп орысша атайтын. Былдырлап тілі шыққанда айтқан ең алғашқы сөзі де орыстыкі болды. Бүлдіршін мектеп жасына жеткенде жас отбасы қалаға қоныс аударды. Ол орыс балабақшасына барды, қазір орыс сыныбында оқиды. Байқағаныңыздай орыс қызы қазақ жігітіне жар болса да, өзінің ділі мен дінін айырбастамады.
Енді өмірдің мына бір көрінісіне назар аударыңыз. Қазақтың қызы өзбек жігітімен шаңырақ құрды. Өзбекстанның шағын ауылына қоныс аударды. Он жылдан соң зайыбымен дәм-тұздары жараспаған ол киім-кешегін арқалап, атамекеніне қайта оралды. Қайын жұрты бауырындағы баласын бермепті. Келіншектің қылығы да, сөзі де өзбекшеленіп кеткен. Айтуынша, өзбек елінде өзге ұлттан әйел алған отағасын аса сыйлай қоймайды. Келіннің де көрген күні күн емес. Қайын жұрты жас жұбайлардың арасына ши жүгіртіп, келінге кінә тағудан тыйылмаған.
Бұл бірақ аралас отбасылардың барлығы бірдей бақытсыз деген сөз емес. Тәлім-тәрбиесі мен адами құндылықтары бөлек алыс шетелдіктерге қарағанда туысқан этностармен құрған шаңырақ берік болуы әбден мүмкін.
- Жас жұбайлардың тілі, діні, ұлты, туып-өскен аймағы, әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі сияқты көрсеткіштердің маңызын ескермеске болмайды, - дейді Мұқатаева Гүлнәр есімді замандасымыз. Гүлнәр апайдың жары Руслан Бадаев чешен ұлтының өкілі.
- Жолдасым Қазақстанға 1987 жылы қоныс аударған екен. Қазақ болмаса да, мұсылман ғой. Бір шаңырақ астында тұрған 19 жыл ішінде көзқарас, дүниетаным тұрғысынан айырмашылық аса сезілген жоқ. Ас мәзірінде қос ұлттың тағамы қатар жүреді. Ол асты, қазы-қартаны сүйсініп жейді. Чешендердің ұлттық жижгалнышын да жиі дайындаймын. Отбасында негізінен қазақы тәрбие басымдау. Ұлым Рустам қазақ-түрік мектебінде оқиды. Чешенстанда тұрғанда жағдай басқаша болар ма еді, бәлкім. Ол жақта қыз-келіншектер жалаңбас жүрмейді, шалбар кимейді, балаға есім таңдамайды және т.б. Өз таңдауыма еш өкінбеймін. Бірақ өзге аралас отбасылардағы түрлі көңілсіз жайттың да куәсі болып жүрмін. Жат жұртқа күйеуге шыққан қыз бала жастықпен көптеген қиындықты сезбеуі мүмкін. Бірақ уақыт өткен сайын өскен ортаны, ағайын-туманы, туған жерді аңсайды. Меніңше, аралас некеге тұру туралы шешім қабылдамас бұрын, оның өзіндік ерекшелігін бүге-шігесіне дейін елеп-екшеп алған жөн, - дейді Гүлнәр апай.
Ұзақ жыл шетелдіктермен қоян-қолтық қызмет істейтін Мақсат есімді танысым Қазақстанда жүрген жат жұрттықтарды екі топқа бөліп қарастырады. «Өзге ұлт өкілдерімен жиі араласатындықтан, олардың түпкі ойын дөп басып айтпасам да, болжам жасай аламын. Біздің елімізде жүрген шетелдіктердің басым бөлігі пайда тапқысы келетіндер. Және келесі тобы - өздерінің діні мен идеологиясын қазақы санаға сіңіруге тырысатындар, яғни миссионерлер. Алғашқылары жағымпаздануды еш ойламайды. Өте тәртіпті, бауырмал. Мақсаттары - шетелде бірер жыл өмір сүріп, қалтаны қампайту, қызық қуу. Ал миссионерлер жастардың ортасында жүреді. Студенттермен, оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік мекемелерде шоғырланған волонтерлар, әлеуметтік қызметкерлер немесе жас ғалымдар осы топқа жатады», дейді ол.
Бұл сөздің жаны бар сияқты. Өйткені үй ішінен үйшік тігіп отырған сектанттардың сүйенер тірегі - ақшалы шетелдіктер. Баласын ата-анасына қарсы қойып, шаңырақты ойрандау арқылы жымысқы әрекеттерін жүзеге асырушылардың діттегені - ел ішіне ши жүгірту, іріткі салу арқылы ауызбіршілікті жою, бірлікке нұқсан келтіру. Бұл жолда олар еш аянып қалмайды. Қымбат көлікпен, бағалы сыйлықтармен қазақ қыздарының басын айналдырып, дегенін істетеді. Түпкі мақсатына жету үшін заңды түрде некеге тұратындар да бар. Сонда кейбір аруларымызға үндіс пен қытайдың, еврей мен зәңгінің қазақтан еш айырмасы болмағаны ма? Жеті атаға толмаса, қызын тұрмысқа бермеген қазекеңнің қан тазалығын қатаң қадағалағаны қайда? Аралас некеден туған нәрестенің қазақ елінің көсегесін көгерте қоюы екіталай. Өзге ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, кейін қай ел мықтылық танытса, соның сойылын соғып кетпесіне кім кепіл?!

"Нұр Астана" газеті

 

0 пікір