Сенбі, 20 Сәуір 2024
Болған оқиға 6544 0 пікір 1 Маусым, 2015 сағат 16:51

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ – ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРГЕ!

Астана төрінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезіне қатысу бақыты бізге де бұйырған-ды. Ұлан-ғайыр жеріміздің әр облысынан жиналған екі мың жас бас біріктіріп, өз ой-тілектерімен бөлісті.

Бәрінен бұрын, жастардың көптен күткен ұлы тойы – Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен форум болатын. Білімді, жігерлі, қайратты жастарға Елбасы жаһандық дамудың қыр-сырларын айтып берді. 

Мемлекет басшысымен жүздескен  күн

Мемлекетіміздің тұңғыш Президентін көгілдір экраннан көрген бір бөлек те, ал бір жерде бірге әңгіме өрбіту мүлде басқа дүние. Иә, дүйім жұртты бір арнаға тоғыстырып, алмағайып заманда тығырықтан жол таба білу – еліне қалтқысыз берілген жанның ғана қолынан келетінін сол сәтте түсінгендей болдық. Екі мың адамдық аудиторияны қырағы  көзімен бір сүзіп өткен Елбасының жастар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап қатуы оның сарабдал саясаткер екенін айшықтай түскендей.

Президенттің әр сөзінде зор мазмұн бар... «Қуатты экономика үшін қатал климат қолайсыз. Дүние жүзінің озық отыз еліне Қазақстандағы қытымыр қыстың қарлы бораны таңсық дүние. Ол мемлекеттерде теңізге де, мұхитқа да апаратын жолдар ашық. Сол себепті де бұл елдер қуат көзін бізден гөрі үш есе артық үнемдейді. Олай болса, Америка мен Еуропа дамымай, кім дамиды?» деген Елбасы бірқатар мәселелерді ашып айтты. 

Сұраныста – кәсіби маман

Біз үшін Елбасының «Ұлттық байлығымыздың, әл-ауқатымыз бен әлеуетіміздің түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» дегені ерекше әсер қалдырды. Өйткені, еңбекпен ғана іс өнбек. Сол сияқты, форум барысында Ұлт Көшбасшысының «әр адам өз ісінің кәсіби шебері болуы керек» деп қадап айтуы да тегін емес. Ертеңгі күннің сұранысы қарапайым еңбек адамына түсетіні қазірден белгілі.

«Тек бәсекеге қабілетті, заманға сай білімі бар, сұранысқа ие кәсіби маман бола отырып қана Қазақстанның табысты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ете аласыздар. Халқымыздың бірлігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты факторы. Әлем дағдарыс пен тұрақсыздық кезеңіне аяқ басты. Дейтұрғанмен, дағдарыс – алға өркендеудің де жаңа мүмкіндігі болмақ.  «Нұрлы жол» бағдарламасы – біздің тың ойлы, жаңа қуатты жастардың күш салып, жасампаздық танытатын алаңы да осы! Бес институционалдық реформа: қазіргі заманғы, кәсіби мемлекеттік аппарат, заңның үстемдігі, индустрияландыру және экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет – біздің алға жылжуымыздың басты алғышарттары», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

«Бүгінгі жастар білімді, білгір, еңбекқор болуы керек. Демек, заманның көшін бастайтын жастардың жетістігі – тек ғылымда. Инновациясыз, ғылымсыз отыз елдің қатарынан табылу әсте мүмкін емес. Жас ғалымдар ғылыми жаңалықтардың біздің елде жасалуына әрекеттенуі тиіс. Үздік технология мен ғылымның шыңын ешкім бізге қолымызға ұстата салмайды. Сондықтан, мен ең жақсы университеттер, дамыған ғылым, үздік лаборатория бізде болсын деп, дарынды жастар Қазақстанға келіп қызмет етуі үшін жұмыстанып жатырмын. Біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ тоқтамауымыз керек. Әйтпесе, соңымыздағылар озып кетеді», - дейді Президент. 

Жастар – Отанға!

Иә, бұл жиын бұрынғыдан өзгерек болды. Бұл жөнінде Атыраудан барған  съезд  делегаттары не  дейді екен, пікірлерін білсек...

Бекболат Әміржанов: - Елордамызда салтанат құрған айтулы оқиғаға куә болғанымды мақтан тұтамын. Дәл бұлай Елбасымен бетпе-бет жүздесіп, жастар мәселесін талқылаймыз деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған жастарды көргенде, еліміздің болашағы жарқын, келешегі айқын болатынына қалтқысыз сенеді екенсің. Сонымен бірге, жастарға арналған лагерде болып, өзіміз секілді жастармен пікір алмастық. Осының өзі де кеудемізде ертеңгі күнге деген ұмтылыс ұшқынын тұтатқандай болды.

 Дәурен Махимов: - Бізге Елбасының жарқын жүзін көріп, тілдесу бақыты бұйырды. Енді жұдырықтай жұмылып, жасампаз істерге кірісіп кету ғана қалды. Бұл жолда межеміз бір, еңбегіміз ортақ болуы тиіс.  «Жас Отан» өз жұмысында ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті басшылыққа алады. Меніңше, жастарды табысқа апаратын жол төрт кілтпен ашылады: олар отаншылдық пен тұлғалық даму, білімге ұмтылу, еңбек пен кәсіби даму, берекелі отбасы.

Түйін

Жастармен еркін сұхбат екі сағатқа созылды, сүбелі ойлар  айтылды. Үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жастар Елбасының парасатты ойларын ұйып тыңдады. Олар тәуелсіз Қазақстанда тәрбиеленген алғашқы буын өкілдері, мойындарына көтерген жауапкершілік жүгі де ауыр. Дамыған отыз елдің қатарына еніп, мәңгілік елге бастайтын ұрпақ осы. «Тоныкөк абыз айтқан: «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деген сөз. Ата-бабамыздың арманы сол болатын. Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» осыдан туындаған. 2050 жылға дейінгі бағдарлама, отыз елдің қатарына ену, «Нұрлы жол», барлық істеп жатқанымыздың түп-тамыры осындай мемлекет құруға негізделеді. Ұлттық идеяны белсене іске асыратын сіздер, жас ұрпақтың алғашқы легі боласыздар. Түмен күнге жететін тәуелсіз ұрпақтың көші сендерден басталады», - деді Елбасы.

Бүгінде дүние жүзі жастарының халықаралық даму индексі бойынша Қазақстан отыз жетекші елдің қатарында, дәлірек айтсақ, 27 орында тұр. Бұл Елбасы саясаты мен аға буынның қажырлы еңбегінің және жастардың қоғамдық өмірге кеңінен атсалысуы арқасында жүзеге асып отыр. Ал, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы толық іске асып, мақсатына жетсе, онда 2020 жылға қарай Қазақстан аталған рейтинг бойынша үздік жиырма мемлекет қатарынан табылмақ. Бұл үшін жуырда жарияланған «Ұлттық жоспар: 5 реформа – 100 қадам» бағдарламасын жүзеге асырудың мәні зор.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ, Атырау – Астана – Атырау.

Abai.kz

0 пікір