Сейсенбі, 20 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109623. Жазылғандар — 105145. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 4830 0 пікір 1 Маусым, 2015 сағат 17:26

«БІЗ СОҚҚАН ДОСТЫҚ ҮЙІ» МУЛЬТФИЛЬМІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Бүгін Шымкентте «Біз соққан достық үй» 3D форматтағы анимациялық фильмнің тұсауы кесілді деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай түсірілген бұл анимациялық мультфильмді бүгін «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б.Құрманғали, «Жебе» кинокомпаниясының президенті Керімбек Ниязбаев және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов таныстырды.

‒ Отандық туынды халықаралық балаларды қорғау күніне орай жарыққа шығып, жергілікті телеарналардын көрсетілетін болады. Бірлік байрағын ту еткен елімізде жасөспірімдерді ұйымшылдыққа шақыратын бұл мультфильм балаларды Отанды сүюге, адамгершілік пен бауырмалдылыққа жетелейді деді, ‒ Б.Құрманғали.

Анимациялық фильмде Қазақстандағы ұлттар бiрлiгi мен ынтымақтастығы көрсетіліп, жастар арасындағы достық қарым-қатынас, елiне, жерiне деген сүйіспеншілік балалардың соққан ортақ «достық үйі» арқылы білдіріледі.

‒ Балаларға арналған бұл мультфильмде кейіпкер ретінде қазақ қызы Айсұлу мен орыс қызы Марина, неміс баласы Герман, түрік қызы Ләйлә, украин баласы Микола мен тағы басқа балалар ойнайды.

Анимациялық мультфильмді алғаш қолға алып тапсырыс берген осы Оңтүстік Қазақстан облысы болатын, ‒ деді Керімбек Ниязбаев.

Аталған туындының сценарийінің авторы және қоюшы режиссері К.Ниязбаев болса, өлеңге сөзін жазған Сарсенкүл Айтова, композиторы Дмитрий Андронов, қоюшы суретші Сәбит Серімбетов.

‒Жасөспірімдерді игі қасиеттерге жетелейтін ұзақтығы 10 минуттық бұл туында кішкентай көрермендердің көңілінен шығады деген сенімдеміз дейді Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов.

 Abai.kz

0 пікір