Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Міне, көрдің бе? 6200 1 пікір 9 Маусым, 2015 сағат 16:55

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР ҚАТАРЫНАН ОЗДЫ

Сонымен биылғы ҰБТ науқаны да аяқталып, қортындысы жарияланып жатыр. Орташа балл 79,4-ті құрады деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі. Алдымен деректерге көз жүгіртіп өтейік: 

«2-8 маусым аралығындағы ҰБТ қорытындысы бойынша, 2015 жылғы ҰБТ тапсырудың орташа балы 79,4-ті құрады, бұл 2014 жылғыдан (76,9) 2,5%-ға жоғары. Сондай-ақ, осы жылы 100 балдан жоғары ұпай алған оқушылар саны да 2,4%-ға ұлғайған. Олардың саны – 14420 (17,4 %). 2014 жылы 100 балл жиғандардың қарасы  13137 (15%)» болған еді. 

ҰБТ-да 125 балдан жоғары балды 5 түлек алды. Олар: Тараздағы №45 қазақ классикалық гимназиясының, елордалық №59 мектеп-лицейінің, БҚО Теректі ауданы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының, ОҚО Түлкібас ауданындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының және алматылық №90 лицейдің мектеп бітірушілері.

2014 жылы жоғары 125 балды төрт оқушы жинаған болатын.

Жалпы биылғы тестілеуге 87 782 оқушы қатысыпты. Бұл жалпы түлектер санының 71%-ын құрайды; олардың ішінде мемлекеттік тілде дәріс пен тәрбие беретін мектепті бітірген түлектер саны – 62 384, орысша мектепті тауысқандар – 25 398.

Ағымдағы жылдан бастап қазақстандық мектеп бітірушілердің аттестаттарына ҰБТ балы мен оқушының жылдық бағасының арасындағы орташа баға енеді.

Көріп отырғандарыңыздай, қазақ мектебін бітірген түлектер саны орыс мектептерінен екі есе артық. Және бір айта кетерлігі 125 балды тек қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқыған шәкірттер иеленген көрінеді. Енді, осыдан кейін мына кербаққан жұрт "қазақ мектептері нашар білім береді" деп қалай айтар екен? Мейлі, айта берсін, кім не десе де, қазақ мектептерін бітірген түлектер өз қатарынан қарыштап озып келеді. Алайда, жыл сайын жоғары оқу орындарына бөлінетін квотаға қарасаңыз, біз жоғарыда келтірген мәліметтерге сараптама жасап, шешім қабылданбайтынын біле түсер едіңіз... Биыл қалай болар екен? Көреміз.

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525