Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4840 0 пікір 11 Маусым, 2015 сағат 09:23

«BALA TURKVIZYОN» - ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ ЖОБАСЫ

Әлия Назарбаеваның жобасы  «Bala Turkvizyon-2015» халықаралық балалар әні байқауының  Ұлттық іріктеуі Өскемен қаласынан бастау алды. Байқау бастамашысы – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры. Алғашқы іріктеуге Шығыс Қазақстан облысының 157 – өнерпаз қатысты. Металлургтер мәдениет сарайында таңертеңнен басталған кезекті Глубоковское (Глубокое ауылы), Тарбағатай (Ақжар ауылы), Зыряновск (Серебрянск ауылы), Аягөз қаласы, Өскемен қаласы мен Риддер, Семей қалаларынан келген жас таланттар толтырды.

Өскенмен қаласынан Ұлттық іріктеудің жартылай финалына үміткерді анықтауға әнші Санда, өзінің шығармашылық тобымен  танымал продюсер – Эрик Тастембеков әнші Иван Бреусовпен келді. Қазылар алқасына көп өнерпаздың ішінен «үздіктерді» анықтау қиынға соқты.

Кішкентай әртістер үлкен сынаққа дайын екендіктерін дәлелдей білді. Өйткені, олардың көбісі үлкен сахнаға бірінші рет қадам жасауда,  камера алдында әрі өнер жұлдыздарының алдында өнер көрсету – үлкен ерлік.

Аймақтық іріктеу кезінде әртүрлі жанрдағы, әртүрлі бағыттағы әндер орындалды: халық әндері, рэп, поп және авторлық әндер. Үміткерлер қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерінде   әндер орындады.  Әрбір қатысушы марапатқа, құрметке ие. Олар Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының «Bala Turkvizyon» Ұлттық іріктеуінің қатысушысына арналған сертификат пен Ұлттық іріктеу әнұраны жазылған CD-дисктерге ие болды.

 

Сонымен,  «Bala Turkvizyon-2015» халықаралық балалар әні байқауының  Өскемен қаласында өткен Ұлттық іріктеуінде семейлік  12 жастағы Рашида Ұзыханова (суретте) жеңімпаз атанды.  Қазылар алқасының шешімі бойынша Рашида Астана қаласында өтетін финалда Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғамақ. Бұған дейін де жас өнерпаз көптеген республикалық, халықарлық байқауларға қатысып үлгерген.

Ұлттық іріктеудің келесі аялдамасы - Павлодар қаласы. Іріктеу 13 маусым күні, «Достық» концерт залында, таңғы сағат 9-дан басталады.

Абай-ақпарат

0 пікір