Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:48

«Самұрық-Қазына» KASE-де Т61,4 млрд соманың облигацияларын орналастырды

Алматы. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстандық қор биржасының (KASE) алаңында Т61,4 млрд соманың облигацияларын орналастырды. Дүйсенбі күні KASE сайтында осындай мәлімет жарияланды.

«KASE-нің сауда жүйесінде ҰӘҚ-ның номиналы Т1, жалпы көлемі Т75 млрд болатын он жылдық облигацияларды орналастыру бойынша арнайы сауда өтті… Саудада эмитент тіркелген облигациялардың бүкіл көлемін орналастыруды жоспарлаған», - делінген жарияланған ақпаратта.

Аукционда кірістіліктің жартыжылдық купондық мөлшерлемесі саудаланды.

67998 млн данадан аса облигацияны сатып алуға 30 өтініш түсті.

«Ұсынысқа сұраныс 90,7 %құрады. Түскен өтініштерде купон мөлшерлемесі жылына 6 - 8% аралығында болып, орташа жылдық көрсеткіште 6,5253% құрады... Сауда нәтижесі бойынша эмитент жылына 6,5% деңгейінде шек белгілеп, бұл бағамен 16 өтінішті қанағаттандырды, осылайша 61 368 700 000 облигация немесе жоспарланған көлемнің 81,8 % орналастырды», - делінген хабарламада.

Өтініштердің белсенді көлемінің басым бөлігі зейнетақы нарығы қатысушыларының үлесіне тиді – 58,1%.

0 пікір