Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 28 Қыркүйек, 2010 сағат 05:45

150-ден аса елдің өкілдері Астанада терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру шараларын талқылайды – СІМ

Астана. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Астанада 28-30 қырқүйекте Қазақстан президентінің бастамасымен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру бойынша конференция өтеді, деп мәлім етті сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

Шараның шеңберінде ядролық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастаманы іске асыру және бағалау жөніндегі топтың бірінші отырысы өтеді.

Шараларға жаһандық бастамаға мүше болып табылатын 150-ден астам елдің өкілдері, соның ішінде тең төрағалары – АҚШ пен Ресей өкілдері,  бақылаушылар мен халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары қатысады деп жоспарланған.

А. Әбдірахманов конференция Аустралиямен бірлесіп ұйымдастырылғанын жеткізді.

Конференция барысында терроризмді қаржыландыруға қарсы шаралар жөніндегі ұлттық жүйелерді жетілдіру және тиісті әрекеттерде заң шығарушы органдардың рөлі, сондай-ақ ядролық материалдарды заңсыз таратудың алдын алу мақсатында ақпарат алмасу мәселелері талқыланады.

Бүгінде жаһандық бастамаға 82 мемлекет атсалысуда.

Қуаты бойынша әлемде төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан бұл бастаманы ядролық терроризмдің алдын алудың тиімді құралы ретінде қарастырады. Орыс-американ бастамасына лайықты қолдау көрсету еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті күшейтуге және терроризмге қарсы күрес жолындағы халықаралық қауымдастықтың бірлескен әрекеттеріне қосып жүрген нақты үлесі болып табылады.

0 пікір