Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3489 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 08:01

Семейде алкогольді өнім шығаратын жасырын цех анықталды

Өскемен. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері Семейде жеке меншік үйлерінің бірінде алкогольді өнім шығаратын жасырын цех анықтады.

«Тексеру барысында Семей тұрғыны антисанитариялық жағдайда белгілі отандық фирмалардың тауар белгісін пайдаланып, арақ өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан, бұған қажет тығындарды, бөтелкелерді, жалған қадағалау маркаларын, этикеткаларды сатып алған», - деп түсіндірді ШҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегілер (ЭҚСЖКД/қаржы полициясы).

Қарекетшіл азамат қолдан жасалған өнімді Семей аймағының тұрғындарына сатып жүрген.

ЭҚСЖКД мәліметтеріне сәйкес, үйді тексеру барысында қолдан жасалған түрлі маркалы алкоголь өнімдерінің 5 мыңнан астам бөтелкесі, 5050 дана жалған есеп-қадағалау маркасы, сонымен қатар, арақ-шарап өнімдерін шығаратын ірі зауыттардың логотиптері мен этикеткалары табылып, тәркіленді.

Сот сарапшылары жасаған қорытындыға сәйкес, «тәркіленген өнімнің сапасы стандарттарға сәйкес емес және ішуге жарамсыз».

Аталған фактілер бойынша - жалған есеп-қадағалау маркаларын заңсыз қолдану және заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізу бойынша қылмыстық істер қозғалды.

0 пікір