Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4187 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 17:42

Пәкістанда президент жолдауы талқыланды

2017 жылғы 17 наурызда Исламабад қаласында, «Марриотт Исламабад» қонақүйінде, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Мемлекет басшысының «Қазақстаның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша брифинг-семинар өткізді.

 

Шараға Пәкістанның жетекші сарапшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, соның ішінде Исламабад қаласындағы Саяси зерртеулер институның бас үйлестірушісі И.Шахзад, «Diplomatic Insight» журналының редакторы Ф.Асиф, «Dispatch News Desk» журналының бас редакторы А.Харун, «Global Affairs» журналының атқарушы директоры, Белуджистан провинциясы парламентінің экс-депутаты Ф.Шах, «Weekly Election Times» газетінің бас редакторы С.Хуссейн Шах, «Pakistan Observer» редакторы  Н.Хан және басқалар бар.

 

Брифинг барысында тұрақты экономикалық өсуге және Қазақстанның 30 жетекші елдердің қатарына кіруге бағытталған негізгі бес басымдықтар айтылды.

 

Қазақстан-Пәкістан қатынастарының тұрғысында Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдау үшін алғыс айтылды, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді және Пәкістанның ЭКСПО-2017, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және ғылым мен технология бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиттеріне жоғары өкілдігі туралы үміт білдірілді.

 

Пәкістандық сарапшылар мен журналистер, өз кезегінде, Мемлекет басшысы Жолдауының барлық басымдықтары бойынша пікір білдіріп, жоспарланған елдің технологиялық модернизациялау щеңберінде Қазақстандағы жаңа өзгерістер динамикасын оң бағалады.

 

Сонымен бірге, мемлекеттікті күшейту, жаңа реформаларды жүргізу, Қазақстанның халықаралық беделінің артуы, елдегі бизнес және инвестициялық климатты жақсарту бойынша Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың басты рөлін жоғары атап өтті.

 

Іс-шара соңында қонақтарға ҚР-дың Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың кітаптары, Қазақстан туралы және Мемлекет басшысының халықаралық бастамалары туралы кітаптар, ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстаның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауымен брошюралар, сондай-ақ алдағы EXPO-2017 халықаралық көрмеге арнаған материалдар таратылды.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір