Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4303 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 17:18

Алматыда аралас жекпе-жектен Халықаралық турнир өтеді

1-сәуір күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды "Абай ақпарат" порталы.

 

Сегіз мемлекеттің үздік спортшылары қатысатын дүбірлі дода 1-сәуір күні кешкі сағат 19:00-де басталады.

Алашорданың 100 жылдығына арналған Халықаралық турнирдің басты жекпе-жегі "Алаш айбары" атағы үшін өтеді.

 

Спорт додаларын жіті қадағалап отыратын көрермен үшін Алматы төрінде өтетін доданың ұйымдастырушылары - "Алаш прайд" клубының президенті Данияр Қасқарауов, Бақытбек Әбілов, "Ұлы Дала" Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ғабиден Жәкей.

 

Сондай-ақ, кештің құрметті қонақтары тарихшы Мәмбет Қойгелді, тарихшы Өмірбек Байгелді, Грек-Рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Жұмабеков, алаштанушы Таласбек Омарбек және т.б.

 

Аралас жекпе-жек турнирінің ақпараттық қолдаушысы - "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір