Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3456 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 07:33

Туыстары ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметкері өзіне-өзі қол салды дегенге сенбейді

Павлодар. 26 қырқүйек. ҚазТАГ – Алматы қаласында орналасқан ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 5571 бөлімшесінде қызмет атқарған қатардағы Қазбек Темірхановтың туыстары ұлдары өзіне-өзі қол салды дегенге сенбейді. Екібастұздан әскерге шақырылған әскери қызметкер жексенбі күні өлі күйі табылған. Темірхановтардың отбасына ұлдарының қазасы туралы 26 қырқүйек күні таңертең хабарланды.

«Бүгін таңертең әскери бөлімшеден қоңырау шалынды, ұлымыз Қазбектің асылып қалғаны туралы хабарлады», - деді қатардағы жауынгердің әкесі Оразалы Темірханов.

Оның айтуынша, отбасына таңғы сағат 10 шамасында қоңырау соғылған.

«Оқиға 26 қырқүйекте қарауыл қызметінің дәл қасында болғаны белгілі болды. Ұлымыздың өзіне-өзі қол салғанына сенбейміз. Оның әскерде жүргеніне бір жыл болды ғой. 23 қырқүйекте ол маған телефон соқты, мен онымен сөйлестім, бәрі жақсы болды. Ол бір айдан кейін үйге келетінін айтқан еді. Дүйсенбі күні демобилизация туралы жалпыәскери бұйрық шығады деді. Бұған дейін альбомға деп 10 мың теңге сұрады. Ал ең бастысы, полиция болғысы келетінін, бұл үшін жоғары білім алғысы келетінін айтқан. Оның күтпеген жерден асылып қалғанына қалай сенуге болады?», - дейді баланың әкесі.

Қ. Темірхановтың ата-анасы жағдайдың анық-қанығын анықтап, қоғамнан қолдау сұрап отыр. Олардың өкілі 5571 бөлімшесіне аттанды. Олар әзірге ұлының денесін Екібастұзға жеткізілуін күтіп отыр. Осыдан бір ай бұрын Қ. Темірханов 20 жасқа толған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596