Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3146 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 07:31

Шығыс Қазақстанда жалған ақша жасаушылар ұсталды

Өскемен. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында тәртіп сақшылары жергілікті базарда 2 сағаттың ішінде Т500 мыңнан аса соманың жалған купюраларын өткізіп үлгерген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысының 5 тумасы мінген көлік Зайсаннан шыға берісте ұсталған. Жүргізуші мен жолаушылар кімге келгендерін және қайда бара жатқандарын түсіндіре алмаған. Автокөлік салонынан жалпы сомасы 200 мың теңге болатын қолдан жасалған 10 мың теңгеліктер және шамамен миллион теңге мен $150 табылған», - деп хабарлайды департамент.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған бес адамның үшеуі бұрын сотталған, соның ішінде құжаттарды қолдан жасағаны үшін де сотты болғандары бар. Қылмыскерлер Зайсан базарында небәрі екі сағаттың ішінде 35 саудагерге Т500 мың соманың жалған ақшасын өткізіп, ауыстырып үлгерген.

«Адамдар купюралардың жалған екенін тез анықтап, полицияға хабарлаған. Бірден «перехват» жоспары жарияланып, қаладан шығатын жолдардың бәрі бақылауға алынды. Бұл шаралар нәтиже берді», - дейді департаменттегілер.

Жалған ақша жасаушылардың аты-жөндері анықталды, ҚР ҚК 206 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.

0 пікір