Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2674 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 08:01

АКАДЕМИКТЕР ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДI

Жаһандық дағдарыс. Оның қиындықтарын қалай азайтуға болады? Бүгiнде зиялы қауым өкiлдерiн ойландырып отырған бiр мәселе осы. Дағдарыс — уақытша, экономика — мәңгiлiк. Дағдарыс өтедi, кетедi. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың қазiргi мүмкiндiктерi қандай? Қазақстан Ғалымдары одағы мен облыс әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен өткен республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция, мiне, осы тақырыпқа арналды. Есiмдерi елге танымал ғалымдарды Шымкентке ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигi, Қазақстан Ғалымдары одағының президентi, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Оразалы Сәбден бастап келдi.

«Мұндай ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның алғашқысы Талдықорған облысында, екiншi рет Шымкент қаласында ұйымдастырылып отыр. Бiздiң мақсатымыз Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында экономикалық-әлеуметтiк дамудың негiзгi тетiктерiн айқындап, жергiлiктi жерге көмек көрсетуге тырысу», — дедi ғалымдар жетекшiсi. Конференция жұмысын облыс әкiмi Асқар Мырзахметов жүргiзiп отырды. Экономика ғылымдарының докторы, облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Берiк Оспанов облыстың 2008 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және аймақтың алдағы уақытта дағдарыстан шығуға байланысты iс-әрекеттерiн көпшiлiк алдына мәлiм еттi. Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану, агроөнеркәсiптiк салаларды дамытудың негiзгi бағыттары жөнiнде байыпты баяндама жасады.
Бұдан соң сөз алған ҚР ҰҒА академигi, белгiлi қоғам қайраткерi, денсаулық сақтау iсiнiң бiлгiрi Камал Ормантаев ана мен бала денсаулығын қорғауға байланысты елiмiзде қалыптасып отырған күрделi жағдайға тоқталып өттi. Мемлекеттiк медицина институтындағы жабылып қалған педиатрия факультетiн қайтадан ашу қажеттiгiне жұртшылықтың назарын аударды. ҚР ҰҒА академигi, ҚР Ғалымдар одағының вице-президентi Б. Рақышев ел экономикасының тау-кен өндiрiсi саласы бойынша өндiрiлген өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi жөнiнде әңгiме қозғаса, ҚР ҰҒА академигi, ҚР Ғалымдар одағының вице-президентi, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ә. Сатыбалдин дағдарыс жағдайында экономиканы қайта құруды ұйымдастыру жөнiнде өз ойларын ортаға салды. Ғалымдардың елдiң болашағына, қоғамды дамытуға, экономикалық құрылымдарды жетiлдiруге қатысты айтқан батыл да өткiр ой-пiкiрлерi, қызықты деректерi тыңдаушылардың ықыласын жаулап алды.
Облыс әкiмi А. Мырзахметов конференция жұмысын қорытындылай келiп, ғылым мен шаруашылықтың, теория мен тәжiрибенiң байланысына әлi күнге жете мән берiлмей отырғанын атап көрсеттi. Алдағы уақытта ғалымдардың тiкелей агроөнеркәсiп саласымен тығыз байланыс орнатып, олардың жұмысына нақты көмек көрсетудiң маңызды екенiне назар аударды. Конференция соңына қарай ҚР Ғалымдар одағының Оңтүстiк Қазақстан облысындағы филиалы құрылды. Оның басшылығына облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б. Оспанов тағайындалды.

Суханбердi ОРАЗАЛЫҰЛЫ
«Оңтүстік Қазақстан» газеті 29 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530