Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4172 2 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 11:07

Құс келерде, құс қайтқанда ауырулар қозады...

Құс келерде, құс қайтқанда ауырулар қозады... Адамдар арқалана бастайды... Эмоциясын шығарар жол іздейді. Үйде ұрыс шығара ма, көшеге шыққысы келе ме... Әйтеуір, бүртүрлі xалге түседі...

 

Жұмыртқасын жарып шыққан бала кесірткені немесе теңізге жүгірген титтей тасбақаны аңдыған жыртқыштар болатын еді ғой... Қозып тұрған xәлдегі, қозғалғысы кеп тұрған пендені де аңдып, қалаған мақсатына пайдаланғысы кеп тұратын топтар мен тұлғалар бар. Жанға жағар сөзі мен жалататын балы дайын тұрады. Құрбандық іздеген сондай қорқаулардан Алла сақтасын!
Жәй, кешегі Бішкек пен Минскідегі, бүгін Ресейдегі арқаланып жүрген адамдарды көріп, есіме түскесін айтып жатқаным...

 

Алла елімізді кезендінің кезінен, арандатқырдың айласынан, жамандатқырдың жаласынан сақтағай! Мүйіз сұрап, құлақтан айырылған, теңіз сұрап, бұлақтан айырылған жұрттардың тағдырын ешкімнің басына бермесін!

 

Мұхамеджан Тазабек

 

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір