Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 10:24

ЕО Ресейден жемқорлыққа қарсы акцияда ұсталғандарды босатуын талап етті

Еуропалық одақ Ресей билігінен сыбайласқан жемқорлыққа қарсы 26 наурыздағы митингте ұсталғандардың барлығын тез арада босатуын талап етті. ЕО-ның Ресейдегі өкілділігі таратқан мәлімдемеде ресейлік полиция сөз бостандығы мен бейбіт шеруге кедергі келтірді делінген.

Еуропалық одақ Ресей билігінен халықаралық міндеттерін бұзбауды, адам құқықтарын сақтап, бейбіт шеруге шыққандарды тез арада босатуын талап етті. Ресейдегі наразылық акциясына жиналғандарды жаппай ұстау әрекетін АҚШ билігі де сынға алды.

Кремль ЕО мен АҚШ-тың мәлімдемелеріне "құлақ асудан" бас тартты. "Еуропалық Кеңестегі міндеттер елдің ішкі заңдарын бұзу керек дегенді білдірмейді", - деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.

26 наурызда оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ұйымдастырған наразылық акциясына Ресейдің ондаған қалаларының тұрғындары қатысты. Олардың басым бөлігіне қала әкімдіктері рұқсат бермеген. Мыңдаған адам қамауға алынғаны хабарланды. Навальныйдың өзі және тағы бірнеше белсенді 15 тәулікке қамалды.

Абай-ақпарат

0 пікір