Сенбі, 16 Қаңтар 2021
Күбіртке 3846 0 пікір 26 Желтоқсан, 2016 сағат 10:03

ЭКСТРЕМИСТІК ТОПТАРДЫҢ 33 БЕЛСЕНДІСІ ҰСТАЛДЫ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, арнайы қызмет пен полиция "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни экстремистік ұйымының елдегі ошақтарын анықтау мақсатында 21 желтоқсанда бастаған операциясын аяқтады.

Діни араздық туғызды және тыйым салынған ұйымға мүше болды деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды. Солардың жетеуі "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұйымының жергілікті ошақтарына "жетекшілік етті және белсенді мүшелері" болды деген күдікпен қамауға алынды, біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырды.

Сегіз күдіктіге шақырған уақытта міндетті түрде келу жөнінде шара қолданды. "Ұйымның қатардағы 17 мүшесі" куәгер ретінде тартылды, делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитет мәліметі бойынша, "Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтастары тұрып жатқан мекендерді тінту кезінде діни материалдар, дискілер, компьютерлік техника және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Abai.kz

 

0 пікір