Жұма, 19 Сәуір 2024
Мәйекті 4913 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 10:12

ІІІ-ИНДУСТРИЯЛДЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Адамзат ІІІ-ші индустриялдық революцияны бастап кетті. Тіпті осыдан 21 жыл бұрын. Соның бірі-баламалы энергия.

Кезінде әкеміз су сатылады дегенге күлсе, бүгінде біз ауа сатылады дегенге таңырқай қарап, күлеміз... Бүгінгі әлемнің баламалы энергияға көшуіне екі себеп бар. Бірі ауаның ластануы, табиғаттың нашарлауы болса, екіншісі табиғи ресурстардың түбі көрінуі. Яғни шектеулігі. Бір білетініміз түбі альтернативті энергияға ауысамыз. Бірақ бізді алаңдататын, актуалды нәрсе ол - уақыт және мүмкіндік. Бір ғана сұрақ

"Біз үлгіре аламыз ба?

Былтыр әлемде 500 000 жуық күн панельдері орнатылыпты. Қытайда әр сағат сайын екі жел трубиналары іске қосылуда. АҚШ жылдан-жылға осы салаға көп қаржы бөлуде. Ал Еуропаның Германия, Дания сынды елдері 2-3 шаһарларын толыққанды жел энергетикасымен қамтамасыз етіп жатыр. Яғни ауадан қуат алып жатыр. 2015 жылғы дерек бойынша күніне 3000-3400 электрмен жүретін көліктер нарыққа шығуда.

Сарапшылардың пікірінше дәл осы қарқын жалғаса берсе 2030 жылға қарай (электромобиль) 30%-ды бағындырады деседі. Айтпақшы немістің канцлері Ангела Меркель 
BMW, Volkswalgen, Audi сынды автокөлік брендтерінің басшыларымен кездесіп, кейбір болашақ бағыттары нақтыланған. Қызық болса оқып көріңіз...

Қытай қазір баламалы энергетика саласында көшбасшы атанып үлгерді. Бұл ел 2016 жылы
560 Гвт (гегавтт) қуат күн, жел, су, биоэнергетикадан алған. Бұл дегеніміз біз 25 жылда өндірген электр энергиясынан бірнеше есе көп. Қытай 2030 жылға қарай сағатына 2000 тераВаттқа жуық қуат өндіру көзделуде. Сонда ЕуроОдақ, АҚШ, Жапония елдерін қосып есептесең де бір ғана аспан асты еліне жете алмайды деген сөз...

Ал біз 

2015 жылы адамзат тұтынып жатқан қуаттың 23%-ы баламалы энергия. Уже 23%!
Қазақстан энергия тұтыну бойынша 135 елдің ішінде 43 орында екен. Ал бізде баламалы энергетиканың үлесі 1%-ға жетпейді.

Қорытынды: 

Дені дұрыс (мықты) елдер баламалы энергияға инвестиция салып жатқанда, біз Қарағандының көміріне инвестиция салып жатпасақ игі еді...

Қасеке Нұрсұлтан 

Abai.kz

0 пікір